• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Рыбакина Дубайда әлемнің бесінші ракеткасын ұтты

    Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан World Tennis League командалық турнирінің топтық кезеңінде әлемнің 5-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы ұтты. «Қаршығалар» тобында өнер көрсететін Елена Рыбакина «Сұңқарлар» сапында шыққан қарсыласын 0:6, 6:1, 10:6 есебімен тізе бүктірді. Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта отандасымыз 6 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. А.Соболенко 2 эйс, 3 брейкпен көзге түсті. Енді Е.Рыбакина германиялық ...

    Read More »

    Мбаппе «Пари Сен-Жерменнен» кетуі мүмкін

    «Манчестер Юнайтед» клубы мен Англияның ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Уэйн Руни Франция командасының шабуылшысы Килиан Мбаппеге «Пари Сен-Жермен» жасағынан кетуге кеңес берді. «Менің ойымша, Килиан Мбаппе өз клубын тастап, ағылшын премьер-лигасының командасына ауысуы керек. «ПСЖ» сөз жоқ, үлкен клуб. Бірақ ол Франция чемпионатының шыңына жетті. Енді оған басқа командаға кету керек», — деді Руни. Оның айтуынша,  Мбаппе Лионель Месси мен Криштиану ...

    Read More »

    Нұрсұлтан Құрман «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды

    Белгілі журналист,«Хабар» агенттігі АҚ-тың продюсері, «Не хабар» жобасының авторы, жүргізушісі Нұрсұлтан Құрман «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды. Оған сыйлық «Жылдың үздік спорт блогері» аталымы бойынша берілді. Журналист Youtube желісіндегі өзінің «Nursultan Qurman» арнасында негізінен отандық футбол тақырыбында сұхбаттар алып, подкасттар түсіреді. Сонымен бірге ол «Zhuldyz liga» өнер және медиа қызметкерлері арасындағы футбол және волейбол біріншіліктерінің авторы. SportPress ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының ...

    Read More »

    Каратэшілер Азия чемпионатын екінші орынмен аяқтады

    Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында WKF каратэден Азия чемпионаты мәресіне жетті. «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-тың хабаруаныша, жарыстың соңғы күні ересектер жекелей және командалық сында жүлделі орындарды сарапқа салды. Жекелей сында Әсел Қанай 61 келіге дейінгі салмақта алтын жүлде алса, Низамиддин Халматов (-55 кг), Софья Берульцева ( +68 кг), Нұрнияз Елдашов (+84 кг) күміс медальге, Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) пен Дидар Әмірәлі ...

    Read More »

    ФИФА президенті әлем чемпионатына қатысты ұсыныс айтты

    Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) басшысы Джанни Инфантино әлем чемпионатын үш жыл сайын өткізуді ұсынды. Daily Mail хабарлауынша, Инфантиноның идеясына 18 желтоқсанда  Катарда аяқталған әлем чемпионатының коммерциялық және спорттық табысы түрткі болған. Турнирден түскен табыс рекордтық 7,1 млрд еуро болды. Бұл 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатынан 1 млрд еуроға көп. 2030 жылға дейін ешқандай өзгеріс болмайды. Өйткені, бұл датаның соңына ...

    Read More »

    Елена Рыбакина «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Елена Рыбакина «Спорттағы жыл серпілісі» аталымы бойынша үздік шықты. Биыл 23 жастағы спортшы Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет жекелей сында Уимблдон турнирінде топ жарды. Сондай-ақ тағы екі WTA турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл байқауды «Еуразия жыл адамы» ұйымдастыру комитеті 2000 жылдан бері өткізіп келеді. Түрлі саладағы ...

    Read More »

    Аргентиналық жанкүйер туға тұншығып көз жұмды

    Аргентина құрамасының жанкүйері халықтық серуен кезінде көз жұмды. Британдық Dally Mail басылымының мәліметіне қарағанда, ел құрамасының жеңісіне байланысты мерекелік серуен кезінде жанкүйер иығына асып алған Аргентина ұлттық туына тұншығып қайтқан. Оқиға Буэнос-Айрес провинциясының Баия-Бланка қаласында болған. Марқұм Себастьян Оскар Масиэль 22 жаста еді. Ол өзінің мотоциклімен жүргенде тудың бір бөлігі дөңгелектің астына түскен. Соның салдарынан жас жігіт тұншығып қалған. Қазіргі кезде ...

    Read More »

    Криштиану Роналду күтпеген мәлімдеме жасады

    Португалия ұлттық құрама командасының шабуылшысы Криштиану Роналду келесі әлем чемпионатына қатысқысы келеді. Marca мәліметіне қарағанда, 37 жастағы футболшы 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін дүниежүзілік додаға баруға ниетті. Роналду рождество мерекесін Дубайда өткізіп, демалып, тынығып алуды ойлап отыр. Катарда өткен әлем чемпионатында Португалия құрамасы сәтсіз өнер көрсеткені белгілі. Криштиану, әсіресе, Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасының чемпион атанғанына қапалы. Сол ...

    Read More »

    «ПСЖ» клубы Килиан Мбаппені қаншаға сататынын мәлімдеді

    Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы шабуылшы Килиан Мбаппені өтемақы есебінде 300-350 млн еуроға сатуға дайын отыр. The Telegraph-тың хабарлауынша, футболшымен 2025 жылға дейін келісімшарт жасалған. Алайда франциялық шабуылшы кетемін деген жағдайда тиісті ұсыныс түссе, клуб оны сата алады. «ПСЖ» Мбаппені 300-350 млн еуроға бағалап отыр. Кезінде «Реал» бізге қарағанда, Килианға көп ақша ұсынған болатын. Бірақ ол бізді таңдады. Ең бастысы да ...

    Read More »

    Қазақстан атынан Masters турниріне 12 дзюдошы қатысады

    Қазақстанның дзюдодан ұлтттық құрама командасы 20-22 желтоқсан күндері өтетін әлемдік Masters турниріне қатысады. Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, жылдың қорытынды жарысы Израиль елінің Иерусалим қаласында болады. Masters додасында ел намысын мына спортшылар қорғайды. Әйелдер: Әбиба Әбужақынова (48 кг) Севара Нишанбаева (57 кг) Кәмила Берліқаш (+78 кг). Ерлер: Елдос Сметов (60 кг) Бауыржан Нарбаев (60 кг) Мағжан Шамшадин (60 кг) Ғұсман Қырғызбаев ...

    Read More »