• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Тоқаев шахматшы Динара Сәдуақасованы құттықтады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында рапид бойынша күміс медаль иеленген Динара Сәдуақасованы құттықтады, деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысы Қазақстан шахматшыларының әлем чемпионатындағы жетістіктері еліміз үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті. Оның айтуынша, спортшыларымыздың халықаралық турнирлердегі әрбір жеңісі осы спорт түрімен айналысатын жастарды қанаттандырады және бұл Қазақстан шахмат мектебінің деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Президент дарынды шахматшыға талмай ...

    Read More »

    Олимпиада — 2024. Спортшыларға заманауи жабдықтар берілді

    2024 жылы Францияның астанасы Парижде өтетін жазғы Олимпия ойындарына дайындалу үшін спортшыларға заманауи жабдықтар берілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Министрліктің хабарлауынша, Париж Олимипиадасына дайындық аясында арнайы бағдарлама әзірленген. Осыған байланысты спортшыларға заманауи жабдықтар сатып алуға қосымша қаражат бөлінген. «2023 жыл – Олимпиадаға дейінгі, ұлттық құрама командаларды даярлау тұрғысынан ең маңызды жыл. Үлкен жарыстарда жеңіске жету үшін ең ...

    Read More »

    Динара Сәдуақасова – жылдам шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

    Бүгін Динара Сәдуақасова Алматыда шахматтан өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол шахматтың рапид түрінен екінші орынға ие болды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады. Динара Сәдуақасова мен қытайлық Тань Чжунъи 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинап, тай-брейкте ойнады. Шешуші кездесуде Тань Чжунъидің мерейі үстемі түсті. Ал қола жүлде үндістандық Савита Шриге бұйырды. «Алғашқы жарыс күнінен кейін Динара ...

    Read More »

    ФИФА әлем чемпионатында манипуляция болмағанын мәлімдеді

    Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әлем чемпионаты матчтарында ешқандай манипуляция болмағанын ресми түрде жария етті. Бұл туралы lenta.ru хабарлады. Федерация мәлімдемені өзінің сайтына жариялады. Онда чемпионаттағы 64 ойынның бірде-бірінен манипуляция күдігі болатындай инцидент анықталмағаны хабарланды. Катарда өткен әлем чемпионатында Францияны матчтан кейінгі пенальтилер сериясы бойынша жеңген Аргентина құрамасы чемпион атанды. Мундиалдың үздік футболшысы атағын аргентиналықтардың капитаны Лионель Месси алды. Турнирдің үздік ...

    Read More »

    Қарттар үйіне бармайды: Астанада бокстан чемпиондарды жаттықтырған бапкер жалғыз қалған

    Астанада бокстан талай чемпиондарды жаттықтырған бапкер Маман Жиешев қартайғанда жалғыз қалған. 80-нен асқан қария зейнетақысын кім алып жүргенін де білмейді. Бұл туралы Еуразия телеарнасы хабарлады. Көршілерінің айтуынша, екі қызын тұрмысқа берген қарияның ешкім қарайласпағаннан күйі кеткен. Ақыл-есі де кәріліктен немесе кезінде алған соққылары салдарынан кіресілі-шығасылы. Сондықтан тамақ істемек болып, бірнеше рет үйін өртеп ала жаздаған. Жалғыз қалған қария кейде жуыну ...

    Read More »

    8 жасар қазақ баласы шахматтан Латвияның экс-министрін жеңді

    Алматыда өтіп жатқан блиц және рапид бойынша әлем чемпионатының аясында 8 жасар шахматшы Кәрім Айтжан Латвияның экс-министрі, гроссмейстер Дана Рейзнице-Озоланы жеңді. Әлем чемпионаты кезінде латвиялық шахматшы Алматы және Астана академияларының 24 студентімен ойнаған. Оның 8 жастағы отандасымызбен ойыны ең ұзаққа созылған ойынның бірі болған. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы хабарлады. Астаналық шахмат мектебінің оқушысы 8 жастағы Кәрім Айтжанның тақтасында гроссмейстер ...

    Read More »

    Жеңіл атлетика қауымдастығы ресейлік спортшыларға қатысты мәлімдеме жасады

    Дүниежүзілік жеңіл атлетика қауымдастығы (World Athletics) ресейлік спортшыларға қатысты мәлімдеме жасады. Қауымдастық ресейліктердің халықаралық жарыстарға қатысу үшін бейтарап мәртебесін ұзартатынын айтты. Дүниежүзілік жеңіл атлетика кеңесі қараша айының соңында ұйымдағы Бүкілресейлік жеңіл атлетика федерациясының (ARAF, – ред.) мүшелігін тоқтату мерзімін ұзартты. Алайда ресейлік тараптың құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі жұмыс тобы ARAF мәртебесін 2023 жылдың наурыз айында қалпына келтіруді ұсынған. Ресей жеңіл атлетика ...

    Read More »

    Ұлттық құраманың хоккейшісі Қазақстан азаматтығынан айырылды

    Астананың «Барыс» клубы мен ұлттық құраманың шабуылшысы Дмитрий Шевченко Қазақстан азаматтығынан айырылды. Бұл туралы Шайба.kz хабарлады. Ол Құрлықтық хоккей лигасы Бірінші арна кубогында Ресей азаматы деп көрсетіліп ойнаған. Жазда «Барыс» клубының басшылығын қызметінен босатуды талап еткен бастамшыл топ Астана қаласы көші-қон департаментіне Дмитрий Эдуардович Шевченконың екі елдің заматы болуы мүмкін екенін айтып, тексеруді сұраған. Тексеріс кезінде хоккейшіде шынымен Ресей мен Қазақстан азаматтығы ...

    Read More »

    Боксшы Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағынан айырылды

    Боксшы Данияр Елеусінов Халықаралық бокс ұйымының (IBO) тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды. 27 желтоқсанындағы жағдай бойынша Елеусінов IBO сайтындағы әлем чемпиондарының тізіміне кірмеген. Бұған дейін оның есімі мен фотосуреті тиісті бөлімде тұрған. Сонымен қатар BoxRec.com порталында жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу бос екені айтылған. Яғни, орны көрсетілмеген. Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 18 желтоқсанында Астанада өткізіп, аргентиналық ...

    Read More »

    Катар университетінде Месси тұрған бөлме мұражайға айналады

    Катарда футболдан өткен әлем чемпионатынан кейін Аргентина құрамасының шабуылшы Лионель Месси тұрған бөлме мұражайға айналады. Катар университеті Аргентина құрамасының капитаны тұрған бөлмені шағын мұражайға айналатынын хабарлады. Чемпионат кезінде команда тұрған оқу орнының қалашығы Аргентина туы түстес – көк және ақ түстермен безендірілді. Онда әлем чемпиондары бейнеленген плакат, олардың қолтаңбалары бар футболкалар қойылды. Катардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Францияны (негізгі ...

    Read More »