• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы Финляндияға есе жіберді

    Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Финляндия командасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

    Бұл матчқа дейін Н тобында құрамалардың еншісінде 9 ұпайдан бар еді. Кешегі ойында Финляндия футболшылары жалғыз гол салып, екі командаға да маңызды болған 3 ұпайды алды. Жалғыз голды 78-минутта Оливер Антман салды. Сөйтіп, қонақтар 12 ұпаймен Н тобындағы бірінші орынын сақтап қалды. Ал Қазақстан құрамасы матчтың соңына дейін қос қапталдан  шабуылдап, есепті теңестіруге тырысқанымен, Лукаш Градецки қақпасынан саңлау таба алмады.

    Қазақстан құрамасы енді 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландиямен кездеседі.

    Қазақстан — Финляндия матчында өз алаңымыздағы жанкүйерлер саны бойынша рекорд жасалды.

    Астанадағы кешегі ойынға 30 019 көрермен жиналды. Бұл Қазақстан құрамасының тарихындағы өз алаңындағы матчқа келген жанкүйерлер саны бойынша жаңа рекорд.

    Бұған дейін стадионға Қазақстан мен Беларусь (2:1) матчына 29 637 адам жиналған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: Ілияс ОМАРОВ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *