Бүгін «Астана Арена» стадионында футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің аясында болатын Қазақстан мен Финляндия ұлттық құрама командаларының матчына жанкүйерлерді арнайы автобустар апарады.
Астананың бес тұрақ торабынан арнайы шаттл-автобустар жүреді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Автобустар мына жерден қатынайды:
— «Астаналық цирк» автотұрағы;
— «Қазақстан» СК автотұрағы;
— «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
— «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
— «Жастар» сарайы тұрағы.
Шаттл-автобустар тұрақтардан сағат 19:00-де қозғалады.
Сондай-ақ, матч аяқталған соң футбол көрермендерінің ыңғайлылығы үшін қосымша №№10, 12, 21, 26, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және №303 қала маңы бағдарлары Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамады тұрады.