• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Шахматтан ӘЧ: Қазақстан құрамасы көш бастады

    Польшаның Быдгощ қаласында әйелдер арасындағы ФИДЕ-нің тоғызыншы командалық әлем чемпионаты болып жатыр.

    Қазір А тобына түскен Қазақстан құрамасы Үндістан мен Египет құрамаларын жеңіп, 4 ұпаймен көш басына шықты.

    Әлем чемпиоантының алғашқы күні барлық команда 2 тур ойнады.

    Ұлттық құраманың жетекші ойыншысы Бибісара Асаубаева (ФИДЕ рейтингі 2439) египеттік Шрук Вафаны, сосын Меруерт Камалиденова (ФИДЕ рейтингі 2162) Шахенда Вафаны ұтты. Ал Ксения Балабаева (ФИДЕ рейтингі 2111), Алуа Нұрманова (ФИДЕ рейтингі 2170) қарсыласпен тең түсті.

    Екінші матчта Бибісара Асаубаева Харика Дронавалимен, Меруерт Камалиденова Вантика Агравалмен, Алуа Нұрманова Падмини Роутпен тең тарқасты.

    Әмина Қайырбекова мен Савита Шри Би де ойнады. Мұнда Әмина Қайырбекова табандылық танытып, партияны өз пайдасына аяқтады.

     

    Шамкен БАЙЫРБЕК,

    АСТАНА

    ФОТО: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *