• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы төртінші орынға түсті

    Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы H тобында төртінші орынға түсіп қалды.

    Қазақстан мен Финляндия матчынан кейін осы топтағы басқа командалардың ойындарының нәтижесі белгілі болды.

    Н тобында Қазақстан құрамасынан кейін үшінші орында келе жатқан Дания командасы өз алаңында Сан-Марино жасағымен кездесіп, 4:0 есебімен ұтты. Словения Солтүстік Ирландияны 4:2 есебімен жеңді. Осы есептен кейін Дания мен Словения 3 ұпайдан жинап, 10 ұпаймен екінші және үшінші орынға көтерілді. Ал еліміздің бас командасы төртінші орырға сырғыды.

    Енді ұлттық құрама 10 қыркүйекте «Астана-Арена» стадионында Солтүстік Ирландия командасымен кездеседі. Осы күні Финляндия Хельсинкиде Дания құрамасымен ойнаса, Сан-Марино Словения құрамасымен кездеседі.

    Бұған дейін Қазақстан құрамасы өз алаңында Словениядан 1:2 есебімен жеңілсе, Данияны 3:), Сан-Мариноны 3:0, Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен ұтты.

    Бүгін В, Е, G топтарында ойындар болды.

    В тобында Франция Ирландияны 2:0, Нидерланд Грекияны 3:0 есебімен ұтты.

    Е тобында Литва мен Черногория 2:2 есебімен тең ойнаса, Сербия Венгрияға 1:2 есебімен ұтылды.

    G тобында Чехия мен Албания 1:1 есебімен тең тарқасты. Польша Фарер аралдарын 2:0 есебімен жеңді.

    A тобында Грузия мен Испания, Кипр мен Шотландия, D тобында Хорватия мен Латвия, Түркия мен Армения, J тобында Босния және Герцоговина мен Лихтенштейн, Люксембург пен Исландия, Словакия мен Португалия командалары ойнайды.

     

    Бағдат ҚАЛИЕВ,

    АСТАНА

    ФОТО: Ілияс ОМАРОВ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *