• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Президент Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан блиц бойынша әйелдер арасында әлем чемпионы атанған даңқты шахматшы Бибісара Асаубаеваны құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы екінші рет қатарынан алтын медаль иеленген Бибісараның жеңісі оның асқан шеберлігі мен ерен ерік-жігерін тағы бір рет паш еткенін атап өтті. Оның айтуынша, әлемдік сайыстағы отандық спортшылардың осындай елеулі жетістіктері елімізді интеллектуал ұлт ретінде танытып, Қазақстанда шахмат ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты тарих қойнауына кетті

    Алматыда жылдам және блиц шахматтан әлем чемпионатының жабыл салтанаты өтті.  Бір аптаға созылған  әлемдік додаға  таңдаулы гроссмейстерлер қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Әлем чемпионатының салтанатты жабылу рәсімінде сөз сөйлеген Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев  доданың елімізде өтуіне мұрындық болған Халықаралық шахмат федерациясына (FIDE) алғысын білдірді.  Бұған дейін де спорт түрлерінен әлем чемпионаты, басқа да маңызды додалар  өтіп келе  жатқан Алматы қаласының ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева — блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы!

    Бүгін Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында блиц шахматтан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. «Мереке қарсаңыздағы соңғы жарыс күні гроссмейстерлер үшін оңай болған жоқ. Қарбаласқа толы кездесулер нәтижесінде Бибісара Асаубаева блиц шахматтан қатарынан екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ол барлық 17 ұпайдың 13-ін иеленді. Былтыр Бибісара блиц шахматтан ең жас әлем чемпионы атанған», — ...

    Read More »

    Өмірден кім өткенін білесіз бе?

    29 желтоқсан. Бразилия. Сан-Паулу қаласы. Футболдан әлемнің үш дүркін чемпионы, Бразилия құрама командасының бұрынғы даңқты шабуылшысы Пеле ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды. Адамзаттың теңдессіз футболшысы Пеле он жылға жуық уақыттан бері тоқ ішектің обыр ауруымен ауырды. Бірнеше рет отаға да түсті. Ол биылғы қазан айының 23-і күні 82 жасқа толып еді. Пеле (шын аты-жөні – Эдсон Арантес ду Насименту) 1940 ...

    Read More »

    Жас шахматшыларға сенемін – Динара Сәдуақасова

    Гроссмейстер Динара Сәдуақасова жас шахматшыларға сенетінін, қазақстандықтардың үмітін ақтау үлкен жауапкершілік екенін айтты. Алдымен ол өзіне қолдау білдірген мемлекет басшысына алғысын жеткізді. «Президентке қазақ спортшыларының ерен еңбегіне назар аударғаны үшін зор алғыс айтқым келеді. Бұл кімге болса да мотивация береді. Жалпы отандастарымыздың үмітін ақтау, жаңа белестерді бағындыру үлкен жауапкершілік жүктейді», — деді шахматшы. Сондай-ақ Динара Сәдуақасова жас шахматшылардың биік белестерді бағындыратынына ...

    Read More »

    Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айтты

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті ...

    Read More »

    Пеле өмірден өтті

    Бразилияның атақты футболшысы Пеле 82 жасында өмірден өтті. Пеле 1940 жылдың 23 қазан күні туған. Оның шын аты-жөні — Эдсон Арантес ду Насименту болды. Ол — үш мәрте әлем чемпионы атағын жеңіп алған жалғыз футболшы. Атақты футболшы ұзақ уақыт бойы онкологиямен күресіп келді. Бұл ауру оның ағзасынан 2021 жылдың күзінде анықталған. Қатерлі дертке қарсы күрес мақсатында бірнеше мәрте химиотерапиядан өтті. ...

    Read More »

    Ресейлік спортшы Қазақстан азаматтығын алды  

    Ресейлік жас шаңғышы Александра Скороходова 2024 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпия ойындарына қатысып, Қазақстанның намысын қорғайды. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Ол елішілік жарыстарға, Қазақстан кубогы мен ел чемпионатына және 2024 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпия ойындарына қатысады. Баспасөз мәлихатында Тау шаңғысынан жаттықтырушы, Алматыдағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің аға жаттықтырушысы Марк ...

    Read More »

    Аргентина халқы Мессидің ел президенті болғанын қалайды

    Аргентиналық атақты футболшы Лионель Месси өзін кезекті сайлау кезінде президент орынтағына ұсынар болса, оны ел тұрғындарының 43,7 пайызы қолдар еді. Бұл туралы MSN хабарлады. Бұдан бірер күн бұрын Giacobbe & Asociados ұйымы жүргізген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы осындай нәтиже көрсеткен. Сонымен бірге француздың «Пари Сен-Жермен» клубының форвардын Аргентина президенті ретінде қабылдай алмайтын отандастарының саны 37,8 пайыз болған. Тағы 17,5 пайыздық қауым ...

    Read More »

    Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер кілттері табыс етілді

    Жамбыл облысында үздік спортшылар марапатталды. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жыл үздігі – 2022» спорттық номинацияларды тапсыру салтанатына өңір әкімі Нұржан Нұржігітов қатысқан. Өзінің құттықтау сөзінде ол өңірдегі жетістіктерге, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды. «Қасиетті Әулиеата өңірінің жақсы спорттық дәстүрі мен жеңісті жолдары ежелден қалыптасқан. Сол дәстүрді жоғалтпау, сол абырой биігінен түспеу біздің алға қойған міндетіміз екенін естен шығармау керек. ...

    Read More »