Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының әйелдер арасында өтіп жатқан Гран-при жарысына демеушілік жасап, Ресейдің командасы үшін турнирді Польшадан Кипрге ауыстырды деген дерек шықты.
Бұл туралы Данияның гроссмейстері Петер Хейне айтты.
Турнир Ресейдің шахматшылары үшін Польшадан Кипрге ауысты. Егержарыс Польшада болса, Ресей өкілдері қатыса алмайтын еді. Турнирдің басты демеушісі – Тимур Турлов. ОғанУкраинада санкция жарияланған. Сол себепті Украинаның екі ойыншысы турнирге қатыса алмады, — деді ол.
Еске сала кетсек, Кипрде 15 мамырда шахматтан әйелдер арасында Гран-при турнирі басталған болатын. Бұл жарыс 28 мамырға дейін жалғасады. Кипрдің астанасы – Никосия қаласына турнирге қатысу үшін әлемнің жер-жерінен гроссмейстерлер жиналды. Оның ішінде 19 жастағы гроссмейстер, блицтен әлемнің екі дүркін чемпионы, Азия чемпионы Бибісара Асаубаева да бар.
Ол Гран-придің үшінші турында турнир кестесінде көш бастады. Қазір төртінші, соңғы туры болып жатыр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА