• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Қорғалжында тегіне тартқан тарландар тұрады

    13-14 мамыр күндері Ақмола облысының  Қорғалжын ауданында алғаш рет «Жігер – 2022» оқушылар спартакиадасы өтті.  Оған аудан бойынша 13 мектептен 446 бала қатысты. Спартакиадада оқушылар тоғызқұмалақ, футбол, дзюдо, асық ату, үстел теннисі, президенттік көп сайыс, қыздар және ұлдар арасындағы волейбол  секілді спорт түрлерінен бақ сынасып, мықты дегендері жеңіс тұғырына шықты. Жарыста төрешілердің шешімімен бірінші орынды Қорғалжын  мектеп-гимназиясы, екінші орынды Ақтан ...

    Read More »

    Құсбегі Кәусар қыраннан кем көрмейді қаршығасын

    Бүгінде қаршығасын қомдап, ителгісін баптап, қыранын аңға салатын қазақ санаулы. Кәусар Бауыржан ата-баба кәсібінің қайта түлеп, бекзат өнердің жаңғыруына  тамшыдай болса да үлес қосып жүрген сол санаулы жанның бірі деп хабарлады Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі. Тұлымшағы желбіреген нәзік жан құсбегілікті кішкентайынан кәсіп еткен. Ел чемпионатында 3 мәрте қаршығасының бағын сынап көріпті. Әзірге олжа салмаған. Әйтседе киелі ...

    Read More »

     «Классиктеріміз» жалпы есепте топ жарды

    Бүгін Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні грек-рим күресі шеберлері арасындағы белдесулер аяқталды. Қазақстан құрамасы 10 салмақтың тоғызында жүлде алып,180 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орында 151 ұпаймен Иран құрамасы. Үздік үштікке 133 ұпайға ие болған Қырғызстан құрамасы кірді. Бүгін 67 килодағы балуанымыз Мейіржан Шермаханбет ел қоржынына екінші алтын жүлде салса,  ...

    Read More »

    «Сүйінші!»: Әлімхан Сыздықов — грек-рим күресінен Азия чемпионы!

    Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Әлімхан Сыздықов құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл сүйінші хабарды Азия чемпионатына жеңімпаз бен жүлдегерлерді құттықтауға арнайы барған меценат, спорт жанашыры Рүстем Мұқатов жеткізді. «Сүйінші! Әлімхан Сыздықов 130 кг салмаққа дейінгі белдесуде Азия чемпионы атанды. Бүгін күрес түрлерінен өтіп жатқан құрлықтық бәсекеде Қазақстан құрамасының қоржыны алтын медальге толықты», — деді ...

    Read More »

    Жесірлер мен жетімдердің несібесін жеп, зар қақсатып жүрген кім? (ВИДЕО)

    Жол апатынан қайтыс болғандарға төленетін сақтандыру төлемдерін сенімхат негізінде алып, миллиондарды қалтаға басқан алаяқтарға қатысты  ақпарат тарап жатыр деп редакцияға келіп түскен материалға сүйене отырып хабарлады sportpress.kz. «ДТП и ПОСЛЕдствия» атты  Youtube канал осыған қатысты зерттеу жасаған. 2012 жылы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстарды ашу жөніндегі инспекторы қызметін Ерлан Қадыр 6 жылға сотталады.  Ол кейін ...

    Read More »

    Жетісуда жалынды жастардың жарысы жалау көтерді

    Бір апта бойы Алматы облысы, Іле ауданы  Өтеген батыр кентіндегі зәулім спорт сарайында  қолдобынан  2008 жылы туған қыздар арасында Қазақстан чемпионаты болып өтті. Бұл  жарысқа еліміздің барлық аймағынан 11 команда қатысып, бақтарын сынаған еді.  Финалдық сында Қызылорда мен Алматы облысының командалары кездесті. Тартысты өткен ойында екі жақ шеберліктерін аянып қалмады.  Дегенмен ұжымдық ойынды әдемі үйлестіре білген Сыр өңірінің қыздары жеңісті ...

    Read More »

    Ақиық ақынның атындағы мектептің таланттары

    Қазақтың ақиық ақыны, поэзияның  Алатаудай алыбы  Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай еске алуға арналған шаралар  еліміздің әр өңірінде болып өтті. Қазақ даласы әйгілі ақынның өлеңдерін  осы бір күні майдалап  соққан желмен, төбеден салған құстың үнімен жырлап тұрғандай болады. Мұқағали Мақатаевтың жырларында туған жер, заман тынысы, сайын дала, табиғат, сұлулық, әсемдік, тазалық, елдік, ерлік  өлеңмен өріліп тамаша жарасым тапқан. Ұлы ақынның ...

    Read More »

    Странджа мемориалына Ресей құрамасы атынан қазақ қызы қатысып жатыр

    Болгарияның София қаласында өтіп жатқан Странджа турниріне Ресей құрама командасының сапында қазақ қызы Салтанат Меденова қатысып жатыр. Салтанат Серікқызы Ресейдің Омбы қаласында тұрады. Ол Ресей чемпионы және әлем кубогының иегері. Сонымен қатар Салтанат жастар арасында Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. Кеше ол Германияның өкілі Ирина Чонбергерді айқын басымдылықпен ұтып, жекпе-жек уақытынан бұрын тоқтатылды. 20 жастағы қандасымызға турнирде топ жаруына тілектеспіз. Ал ...

    Read More »

    Тарландарға тағзым

    Бүгін Алматы қаласындағы «Тұлпар» ипподромының спорт залында футзалдан қаламгерлер арасында қазақ журналистикасында көрнекті із қалдырып, елге танылған Нұртілеу Иманғалиұлы, Амангелді Сейітхан мен Бейсен Құранбекті еске алуға арналған республикалық жарыс өтті. Бұл жарысты айтулы  атшабардың директоры, ауыр атлетикадан әлем чемпионы, Алашқа аты мәлім ұлтжанды азамат Жасұлан Қыдырбаев ұйымдастырды. «Өлі разы болмай тірі байымайды»,  демекші  аттары аталған ел құрметтеп ардақтаған асыл азаматтарды ...

    Read More »

    Елге барған бір сапар

    № 34 Кенен ауылдық кітапханасында «Бала күнгі бір кітап» жобасы аясында  ауылдас ағамыз, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі , Сейдахмет Бердікұлов атындағы сыйлықтың лауреаты, Яхонтов атындағы халықаралық «Сөз өнері» байқауының жүлдегері (Ленинград – 1989), Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы ревизиялық комитетінің төрағасы, тұңғыш рет қазақ күресінен ашылған интернет сайттың авторы, Қазақ күресін  БАҚ арасында дамыту жолындағы еңбегі үшін ...

    Read More »