• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Қаламгерге құрмет

    Бүгін Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ұжымы қоғам қайраткері, спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбекпен кездесу өткізді. Кездесуде белгілі жазушы, журналист жиналған қауымға өз кітаптарын таныстырып, өмірбаяны мен спортқа қатысты оқиғаларды айтып берді. Ал мектеп оқушылары қазақ спортының шежіресін түгендеп жүрген тарихшыға сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауап алды. Осыдан кейін қарашаңырақтың спортшылары биыл 90 жылдығы тойланған ақиық ақын Мұқағали ...

    Read More »

    Бүлікшілерге қарсы тұрған батыр басшы

    Алматыдағы қаңтардың қайғылы оқиғасы қазақ еліне ауыр тиді. Қаншама боздақтар алаңға шығып, оққа ұшып, қаза болды. Иә, қазіргі ресми деректерде 200-ден асатын санды жария етуде. Ал, негізінде одан екі есе көп қазақ жастары жан құшты. Қаңтардың қайғылы күндерінің себеп-салдарын Үкімет тарапынан тағайындалған арнайы комиссия әлі зерттеп жатыр. Дегенменде бейбіт шеруге ілесе шыққан жазықсыз жандар ауыр жазаға тартылып кетпесе екен деген ...

    Read More »

    Жетісу қолдобы мектебі – қазақ спортының болашағы

    Қолдобы спорты дененің барлық мүшесін ширатып, қыздыратын, тартысты тамаша бір спорттың төре түрі. Қазақстанда айтулы спорт түрі әсіресе, қыздар арасында ерекше дамып келеді. Жуырда Испанияда  қолдобынан өткен әлем чемпионатына Қазақстан қыздар құрама командасының қатысқанын жақсы білеміз. Бүгінгі күні қолдобы спорты еліміздің қай өңірінде ерекше дамып келеді деген сұраққа жауап іздеп көргенде, Қызылорда мен Алматы облысын ерекше бөліп айта кетер едім. ...

    Read More »

    Тоқсан тарланды танытқан тарихшы

    Былтыр Sportpress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайтында белгілі қаламгер, спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбектің «Қазақтың 72 бапкері», «Саңлақ» деген кітаптарды шығарып, оқырман қауымды қуантқанын жазған едік. Енді міне, жаңа жылдың алдында қаламгер «Қазақтың 90 бапкері» атты тағы бір кітап жазып, көпшіліктің назарына ұсынып отыр. Бұл еңбек «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамының бас серіктес болуымен, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» корпоративтік қорының ...

    Read More »

    Алматыда жаңа суалыбы ашылды

    Елімізде су спортынан ұлттық құрама команда мен жекелеген клубтардың әлем аренасына атойлап өзін таныту үшін спорттың осы түрінен халықаралық стандартқа сай алаңдар салынуы керек. Бүгінгі күні спорт кешендері еліміздің әр аймағында көптеп  ашылып жатыр. Ол әрине, қуанарлық жай, жоқ деуге аузымыз бармас. Дегенмен жасөспірім балаларды су спортына қызықтыра білуге келгенде не істеп жатырмыз? – деген сұрақты өзімізге қойып көрелік. Иә, ...

    Read More »

    Көңіл көңілден су ішеді

     Бүгін Алматы қаласындағы Қазақ Спорт және Туризм академиясында осымен бесінші жыл қатарынан  спорт саласы бойынша өткен  марапаттау рәсімде қолы ашық, жаны жомарт меценат, кәсіпкер Рүстем Мұқатов «Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін» медалін алып, «Үздік спорт жанашыры» аталымының жеңімпазы атанды. Атымтай жомарт азамат бірнеше жылдан бері спортшыларға қолдау көрсетіп, олардың жаттығуларына, жарыстарға дайындалуына баса назар аударып келеді.  Сонымен бірге ол жаттықтырушылар мен ...

    Read More »

    Жүзден жүйріктер жүлде алды

    Бүгін Алматы қаласындағы Қазақ Спорт және Туризм академиясында спорт саласы бойынша жыл үздіктерін марапаттау рәсімі болып өтті. Осымен бесінші жыл қатарынан өткен іс-шараның маңыздылығы орасан зор. Біріншіден, бұл жолғы марапат Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналса, екіншіден, әлемдегі ең үздік оқу орыны мен қазақ тілінде жарық көретін спорт журналының ұйғарымымен еліміздің түкпір-түкпірінен шын мықтылар анықталып, халықтың атынан марапатқа ие болды. Ұлттық ...

    Read More »

    Бір атаның балалары футбол ойнайды

    Бүгін Тараз қаласындағы «Тараз арена» спорт кешенінде футзалдан дәстүрлі «Бір атаның балалары футбол ойнайды» жарысы басталды. Бұл туралы осы жарыстың негізін қалаған белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіп Жүнісбайұлы хабарлады. –Жарыс пандемияға байланысты екі жыл үзілістен кейін өткізіліп жатыр. Осы доданы ұйымдастыруға атсалысқан Жамбыл облыстық спорт департаментіне ризамыз. Бұл жарыстың мәні мен маңызы өте зор. Осы жерден Жамбыл Көкеев ...

    Read More »

    Желтоқсан батырларының жарыстары жалғасып жатыр

    Демалыс күндері Алматыдағы М.Тынышпаев атындағы  Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының  шаңырағында тамаша бір спорттық бәсеке болып өтті. Волейболдан Желтоқсан ардагерлері арасында өткен бұл қалалық турнир Жетісу ауданы «Желтоқсан ақиқаты» қоғамы мен Жетісу ауданы әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Байрақты жарыс Тәуелсіздігімізге 30 жыл және Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл толуына арналғандықтан Алматы қаласындағы ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігіне мүше қаладағы 8 ауданның ...

    Read More »

    Жетісуда жеткіншек балуандар белдесуі тартыспен өтті

    Құлжа тас жолымен шығысқа қарай бет алсаңыз, Бәйсейіттен өткен соң алдыңыздан Сөгеті ауылы шығады. Қазіргі атауы – Нұра ауылы. Осы елді мекеннің алғашқы қазығын қағып,  іргетасын қалаған жандардың  бірі – Сағыныш Есбергенов. Өнегелі ғұмыр кешкен Есбергеннің ұлының есімін ауылдастары  ықыласпен еске алып, құрмет, ізетін аяған емес.  Халыққа қызмет етуде төккен тердің  қайырымы осы болса  керек. Алматы облысының құрметті азаматы, «Сөгеті» ...

    Read More »