• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокстан ӘЧ: Қазақстан құрамасы бейресми есепте екінші орын алды

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында 1 мамырда басталған бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті.

    Бұл додада Өзбекстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бәрінен бұрын алға шығып, бірінші орыннан көрінді. Алаң иелері 5 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль алды. Ал  Қазақстан құрама командасы 4 алтын, 1 күміс жүлдемен екінші орынға шықты. Үшінші орынды 2 алтын, 4 қола медаль жеңіп алған Ресей құрамасы иеленді.

    Мұндай жетістікке еліміздің құрамасы 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатынан кейін екінші рет жетіп отыр. Сол кезде де бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов бастаған ұлттық құрама 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған еді. Ал егер биылғы әлемдік додада Ташкенттің төрінде керілген шаршы алаңда тағы екі қандасымыз жүлдегер атанғанын есепке алсақ, онда бұл көрсеткіш бұрын-соңды болмаған рекорд болады. Яғни, Өзбекстанның жейдесінде қолғап түйістірген Руслан Аблуллаевтың алтын жүлдесін қосқанда, қазақ боксшылары 5 алтын медаль алған болып есептеледі. Сол сияқты, Қытай командасының атынан қатысқан Таңатқан Тоқтарбектің күміс жүлдесі де қазақ былғары қолғап шеберлерінің қорына қомақты үлес болып қосылды.

    Биылғы чемпионатта Куба мен Франция құрамасы бір-бір алтын жүлде алды. Бостандық елінің командасы 1 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлдемен төртінші орыннан көрінсе, 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленген Франция құрамасы бесінші орынға табан тіреді.

    Басқа мемлекеттердің ұлттық құрамалары мынадай орын алды:

    6.Грузия (0-1-2), 7-9. Моңғолия, Бразилия, Әзербайжан (0-1-1), 10-11. Қытай, Италия (0-1-0), 12-13. Үндістан, Испания (0-0-3), 14.Армения (0-0-2), 15-18.Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Мексика (0-0-1).

    Чемпиондар мен жүлдегерлер:

    48 кг. 

    1.Санжар Тәшкенбай (Қазақстан);

    2.Сахил Алахвердови (Грузия);

    3.Эдмонд Худоян (Ресей), Алехандро Кларо Физ (Куба).

    51 кг. 

    1.Хасанбой Дусматов (Өзбекстан);

    2.Билал Беннама (Франция);

    3.Мартин Молина Салвадор (Испания), Дипак Дипак (Үндістан).

    54 кг. 

    1.Махмұд Сабырхан (Қазақстан);

    2.Ойбек Жураев (Өзбекстан);

    3.Йосвани Вейтиа Сото (Куба), Дмитрий Двали (Ресей).

    57 кг.

    1.Абдумалик Халоков (Өзбекстан);

    2.Дел-Рей Сайдел Орта Родригес (Куба);

    3.Мунарбек Сейтбек уулу (Қырғызстан), Хуссам Уддин Мохаммед (Үндістан).

    60 кг. 

    1.Софиян Оумиха (Франция);

    2.Фрисланди Алварес Боргес (Куба);

    3.Всеволод Шумков (Ресей), Мохаммад Абу-Жажен (Иордания).

    63,5 кг. 

    1.Руслан Абдуллаев (Өзбекстан);

    2.Чингзориг Баатарсух (Моңғолия);

    3.Ованес Бачков (Армения), Баходур Усмонов (Тәжікстан).

    67 кг. 

    1.Асадхужа Муйинхужаев (Өзбекстан);

    2.Дулат Бекбауов (Қазақстан);

    3.Мишелт Баттумур (Моңғолия), Лаша Гурули (Грузия).

    71 кг. 

    1.Асыланбек Шымбергенов (Қазақстан);

    2.Саиджамшид Жафаров (Өзбекстан);

    3.Нишант Дев (Үндістан), Уандерсон Де-Оливейра (Бразилия).

    75 кг. 

    1.Йоенли Фелиси Эрнандес Мартинес (Куба);

    2.Уандерей Перрейра (Бразилия);

    3.Мерено Фендеро (Франция), Алохон Абдуллаев (Өзбекстан).

    80 кг. 

    1.Нұрбек Оралбай (Қазақстан);

    2.Таңатқан Тоқтарбек (Қытай);

    3.Имам Хатаев (Ресей), Газимагомед Жалидов (Испания).

    86 кг. 

    1.Шарабутдин Атаев (Ресей);

    2.Берто Лорен Алфонсо Домингес (Әзербайжан);

    3.Рогелио Ромеро (Мексика), Георги Кушиташвили (Грузия).

    92 кг. 

    1.Муслим Гаджимагомедов (Ресей);

    2.Азиз Аббес Моухидин (Италия);

    3.Лазизбек Муллоджонов (Өзбекстан), Нарек Манасян (Армения).

    +92 кг. 

    1.Баходир Жалолов (Өзбекстан);

    2.Алехандро Арзола Лопес Фернандо (Куба);

    3.Айуб Гадфа Дрисси Ел-Ассоуи (Испания), Мохаммад Абдуллаев (Әзербайжан).

     

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *