• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салды.

    Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет жолығып, онда украиналық теннисші жеңіске жеткен еді.

    Бұл жолы Калинина матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп, өзі алға шықты – 4:3. Сосын бір сағатқа жуық уақытқа созылған сетті брейкпен бітірді – 6:4.

    Екінші партия басында есеп 0:1 болғанда, украиналық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.

    Бір сағат 3 минутқа созылған матчта Рыбакина 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

    Осылайша, ол өз спорттық жолында алғаш рет Рим мастерс турнирінің чемпионы атанды.

    Алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисші 4-орынға көтеріледі.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *