Ертең, 14 мамырда АҚШ-тың Стоктон қаласындағы бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы басты кездесуге шығады.
Қазақ боксшысы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Ал оның қарсыласы -канадалық Стивен Батлер. Ол орта салмақтағы алғашқы белбеуіне таласады.
Боксшылар қазірдің өзінде ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз арбасты.
Айта кетейік, Әлімханұлының салмағы 72,2 келі. Бұл оның кәсіпқой бокстағы ең жеңіл салмағы. Ал Батлер 72,4 келі тартты.
Бір қызығы, көз арбасу кезінде Жәнібекке қарсыласы ұзақ қарамастан бұрылып кетіп қалды.
Ербол ТҰРЫМБЕТ,
АСТАНА
View this post on Instagram