• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Әлемнің үздік футболшысы әлем чемпионатына қатыспайтын болды

    Футболдан Франция ұлтттық құрамасының шабуылшысы, «Алтын доп» иегері Карим Бензема жарақатына байланысты Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды. 19 қараша күні Бензама Франция құрамасымен бірге жалпы топта бірінші рет жаттығуға қатысты. Алайда, шабуылшы жаттығуды соңына дейін аяқтай алмады. Содан кейін ол Доха қаласындағы емханаға барып, тексерістен өткенде оның сан бұлшық етінен жарақат алғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, енді футболшының қатарға қосылуына ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионаты: бес спортшы келесі айналымға шықты

    Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші күні шаршы алаңға сегіз боксшымыз көтеріліп, бесеуі келесі айналымға жолдама алса, үш спортшы ұтылып қалды. Күндізгі сессияда шаршы алаңға бірінші болып шыққан Гүлназ Бөрібаева (48 келі) жапон қызы Хори Руканы жарыс жолынан шығарып тастаса, 75 келідегі Дәулет Төлемісов Германияның боксшысы Сэммо Малекті айқын басымдылықпен ұтты. 50 келідегі Анита Адишева ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы қатарынан үш рет жеңілді

    Әбу-Даби қаласында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінің командасымен кездесті. Кездесуде алаң иелері отандастарымызды 2:1 есебімен жеңіп кетті. Матчтың 13-минутында Фабио Лима гол салып, алаң иелерін алға шығарды. Екінші таймда Абат Айымбетов таразы басын теңестірді. 62-минутта Айымбетов Тимур Досмағамбетовтың пасын пайдаланып, допты торға тоғытты. 71-минутта Лима дубльдің авторы атанды. Одан кейін Қазақстан құрамасы алаңда Біріккен Араб  ойнышымен қалды. Матчтың ...

    Read More »

    Апалы-сіңлілі Бақбергеновалар АҚШ-та жеңімпаз атанды

    АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дәстүрлі Билл Фаррелл мемориалы аяқталды. Бұл белдесулерге еліміздің еркін және әйелдер күресінің құрама командасы қатысты. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында апалы-сіңлілі Мәдина (68 кг) мен Жәмила Бақбергеновалар (72 кг) өз салмағында топ жарса, Марина Седнева күміс медальді (57 кг), Алтын Шағаева (55 кг) қола жүлдені жеңіп алды. Бұл — Мәдина мен Жәмила екеуі бірге ...

    Read More »

    Қазақстан Азия чемпионатында алты жүлде алды

    Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өтіп жатқан пневматикалық қарумен нысана көздеуден XV Азия чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрамасы күміс жүлдені иеленді. Ирина Юнусметова мен Валерий Рахимжан жұбы 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде екінші орын алды. Бұл — біздің мергендердің осы сары құрлық бәсекесіндегі алтыншы жүлдесі. Осыған дейін винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Елизавета Безрукова мен Ислам Усейнов жұбы аралас сында қола ...

    Read More »

    Қазақстан әлем чемпионатына екі жолдама алды

    Таиландта Су добынан Азия чемпионаты аяқталды. Ол 7-14 қараша аралығында өтті. Оған он ерлер мен алты әйелдер командасы қатысты. Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрама командалары үшінші орын алып, қола медаль жеңіп алды. Бұл біліктілік оларға 2023 жылдың шілдесінде Фукуокада (Жапония) өтетін 19-FINA су спортынан әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік берді. Оған 200-ден астам елден 5000-ға жуық спортшы қатысып, жүзу, су добы, ашық суда жүзу, суға ...

    Read More »

    ӘЧ-2022. Құрама командалардың құрамдары

    Ертең Катарда футболдан ХХІІ әлем чемпионаты басталады. Оған 32 елдің ұлттық құрама командаcы қатысады. Төрт жылда бір рет өтетін дүрмекті додада жасыл алаңға шығатын футболшылардың тізімін ұсынуды жөн көріп отырмыз. А тобы КАТАР Қақпашылар: Саад Аль-Шииб, Мешаал Баршам (екеуі де – «Аль-Садд»), Юссеф Хассан («Аль-Гарафа»). Қорғаушылар: Абделькарим Хассан, Буалем Хухи, Ро-Ро, Тарек Салман, Мусаб Хедер (бәрі де – «Аль-Садд»), Исмаэль Мохаммад, Бассам Аль-Рави (екеуі де – ...

    Read More »

    Альбина Какенова мен Сафина Сафиллина Азияда көш бастады

    Азия теннис федерациясы ойыншылардың 14 жас және 16 жасқа дейінгі рейтингін жаңартты. 14 жасқа дейінгі қыздар арасында бірінші орында Альбина Какенова (Астана) келеді. Қазақстандықтың активінде 3922 ұпай бар. Азия рейтингінің ең мықты ондығына Ева Корышева (төртінші орын, Ақтөбе) мен Ариана Гогулина (сегізінші орын, Астана) –кірді. 16 жасқа дейінгі спортшылар сапында бірінші орынға Сафина Сафиуллина (Алматы) көтерілді. Қазақстандықтың 720 рейтингтік ұпайы бар. Сары құрлық рейтингінің ондығына ...

    Read More »

    Енді бір гол салсам, иығымнан ауыр жүк түседі – Эльдор Шомуродов

    Ташкент қаласының «Пахтакор» стадионында футболдан Өзбекстан мен Қазақстан құрама командалары халықаралық жолдастық кездесу өткізіп, матчтың алаң иелерінің жеңісімен аяқталғаны белгілі. Осы матч туралы Өзбекстанның Sport.uz сайты небәрі бес сөйлемнен ғана тұратын хабар берді. «Сайыста біздің өкілдеріміз қарсыластарын 2:0 есебімен жеңді. Алдымен, 11-минутта Ходжимат Эркинов матчтағы есепті ашты. 45-минутта Эльдор Шомуродов екінші голды соқты», – деп жазады сайт. Одан кейін шағын ...

    Read More »

    Футболдан әлем чемпионатын қайдан көруге болады?

    20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда футболдан әлем чемпионаты болады. Қазақстандықтар барлық матчтарды тікелей эфирден көре алады. Әлемдік доданың ашылу салтанаты 20 қараша күні Астана уақыты бойынша 20:45-те басталады. Тікелей трансляцияны «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетеді. Футболдан әлем чемпионатының тікелей трансляциялар кестесі: 20.11.2022 20:45 Әлем чемпионатының ашылу салтанаты. «Qazaqstan», «Qazsport» 22:00 Катар – Эквадор. «Qazsport» 21.11.2022 19:00 Англия – ...

    Read More »