• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    «Алматы туры – 2017» көшеге кедергі келтірмейді – Дархан Қалетаев

    30 қыркүйек күні Алматы қаласында дәстүрлі халықаралық «Алматы туры – 2017» көпкүндік веложарысы басталады. Осыған орай Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев жарысқа енгізілген өзгерістер туралы айтып берді. Биыл айтулы жарыс қарқын алып, көпкүндік пішінде өтетін болды. «Биыл біз UCI ұйымы жобамыздың дәрежесін арттыру туралы сұранысымызға рұқсат берді. Осының арқасында «Алматы туры» алғаш рет екі кезеңге бөлініп өткізіледі. Көпкүндікті ұйымдастырудың ...

    Read More »

    Ярослав Щилхавы: «Ойында жаңа тактиканы қолданамыз»

    «Славия» командасының бас бапкері Ярослав Щилхавы Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Астанаға» қарсы кездесу туралы өз ойын айтты. – «Астананың» ойыны жайлы қандай ойдасыз? – «Астанада» мықты ойыншылар жиналған. Оларда Еуропа футболында ойнаған тәжірибелі футболшылары бар. Біз «Селтикке» қарсы ойынды көріп шықтық. «Вильярреалға» қарсы кездесуді де талдадық. Жақсы ойын көрсетті. Бірнеше мүмкіндігі болды. – Сіз 4-5-1 сызбанұсқасын қолданғанды ұнатады деп естідік. ...

    Read More »

    Руслан Ротань: Астанада жасанды алаң қиындық келтіруі мүмкін

    Біз матчтың қиын болатынын түсінеміз. Барынша дайындалып жатырмыз. Еуропа лигасы болғаннан кейін оңай қарсылас жоқ. Ертең бізді мықты қарсылас күтіп тұр. – Украина сапында Қазақстанға қарсы бірнеше рет ойнадыңыз. Осы уақыт аралығында Қазақстан футболы қаншалықты дамыды деп ойлайсыз? Немесе басқа пікірдесіз бе? – Бір ғана «Астананы» алайық. Соңғы жылдары еурокубоктық ойындарда жиі өнер көрсетіп жүр. Осыған қарап-ақ Қазақстан футболы дамып ...

    Read More »

    Постников: «Славияны» жеңу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз

    «Астана» командасының қорғаушысы Евгений Постников Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі «Славия» командасына қарсы ойын алдында пікір білдірді. – Ертең жақсы ойын көрсетеміз деп ойлаймыз. «Славияның» деңгейін де жақсы білеміз, қанша дегенмен Еуропада өнер көрсетіп жүрген команда. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. – Осыған дейін еурокубоктық матчтарда кездескен командалардың ішінде «Славия» қайсысына ұқсайды деп ойлайсыз? – Шынымды айтсам, нақты бір командаға теңей ...

    Read More »

    Стойлов: Негізгі құрамдағы төрт ойыншымыз жарақат алып қалды

    «Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов Еуропа лигасының топтық кезеңінде Чехияның «Славия» командасына қарсы кездесу алдында баспасөз конференциясын өткізді. – Біз Еуропа лигасының топтық кезеңінде өз алаңымыздағы алғашқы ойынымызды бастайын деп отырмыз. Бізді ауыр матч күтіп тұрғанын жақсы білеміз. Ұжымдағы жігіттер де бар жауапкершілікті сезініп отыр. «Таразға» қарсы ойын алдыда да, одан кейін де аздаған қиындықтарымыз пайда болды. Қазір бірнеше ...

    Read More »

    Азия ойындары қазақ күресін құшағына алды

    Осыдан 10-20  жыл бұрын қазақ күресінің Азия ойындарына кіргелі жатыр десе ешкім сенбеген болар еді. Міне, Аллаға шүкір қазағымның ұлттық күресі Азиада бағдарламасынан ойып тұрып орын алып, Алаш жұртының сан жылдар бойы арман еткен тілеуі орындалып отыр. «Қазақ күресінің Азия ойындарында не бар? Одан не ұтады?», – дейтұғын жандар да ел ішінен табылып жатты. Жалпы айтқанда, қазақ күресі өз тарихында ...

    Read More »

    «Алматы туры-2017» жарысында бірқатар көшелер жабылады

    Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі кәсіби веложарыс өтеді, оған Қазақстанның, Францияның, Әзірбайжанның, Иранның, Малайзияның Өзбекстанның, Қытай мен Латвияның, Украинаның, Жапонияның, Италияның, АҚШ-тың, Швейцарияның, Германияның, Ұлыбританияның және басқа да елдердің спортшылары қатысады. Барлығы 20-дан астам команда. «Тур Алматы» алғаш рет көпкүндік жарыс форматы бойынша екі кезеңде: 30 қыркүйек пен 1 қазанда өтеді. 1 КЕЗЕҢ ( 2017 жыл 30 қыркүйек) • 9:00 ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталып жатыр

    Футзалдан 2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі жауапты  ойындар ойнатылды, деп хабарлайды kazfootball.kz. Бұл кездесулердің қорытындысы бойынша 2018 жылғы Еуропа чемпионатына қатысатын құрамалар анықталды. Дода алдағы жылдың қаңтар-ақпан аралығында Словенияның Любляна қаласында өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасының топтық кезеңдегі қарсыластары Италия, Украина, Әзербайжан атануы мүмкін. 29 қыркүйек күні Любляна қаласында Еуропа чемпионатына жеребе тартылатын болады.

    Read More »

    Ашғабадта V Азия ойындары өз мәресіне жетті

    Түрікменстан астанасы Ашғабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өткен V Азия ойындары бүгін өз мәресіне жетті. Екі аптаға созылған додада қазақстандық спортшылар 28 алтын, 28 күміс, 40 қола, барлығы 96 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады. Бас жүлдені жергілікті түрікмен спортшылары қанжығасына байлады. Олар жалпы саны 245 медаль жеңіп алды, оның 89-ы — алтын, 70 — күміс ...

    Read More »

    Ашғабад-2017: Қазақстан командалық есепте төртінші орынға көтерілді

    Бүгін Түрікменстанның астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарында Қазақстан спортшылары өзбектерді басып озып, командалық есепте төртінші орынға көтерілді. Бірер сағат бұрын Өзбекстан мен Қазақстан спортшылары алтын медальдар саны жағынан теңескен болатын. Міне, көп ұзамай отандастарымыз ел қоржынына екі алтын медаль салып, өзбекстандықтарды бесінші орынға сырғытты. Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 25 алтын, 26 күміс, 33 қола ...

    Read More »