• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Шавкат Рахмонов UFC-дің «жыл жекпе-жегі» үшін рекордтық деңгейде гонорар алды

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) америкалық Джефф Нилді (15-5) жеңгені үшін рекордтық гонорар алды.

    Sports.kz-тің жазуынша, Рахмоновтың бұл жекпе-жегінің жалпы ақысы 161 500 доллар болған (30 000 — кепілдендірілген төлем, 6 000 — демеушілік бонус, 25 500 — Нилдің 30% ақысы, 100 000 – «кештің ең мықты жекпе-жегі» үшін екі есе бонус).

    Шавкат Рахмонов үшінші раундта Джефф Нилді қылқындыру әдісімен жеңді және кәсіби мансабында он жетінші жеңіске жетті (UFC-де бесінші).

    UFC комментаторлары трансляция кезінде бұл жекпе-жекті бірнеше рет «Жыл жекпе-жегі» деп атады.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *