• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ербол Хамитов парабиатлон бойынша әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

    АҚШ-тың Солт-Лейк-Ситиде қаласының Солдат Холлоу шаңғы базасында парашаңғы және парабиатлон бойынша өтіп жатқан Әлем кубогының финалдық кезеңінде Ербол Хамитов парабиатлоннан 12,5 шақырым қашықтықта күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық дайындық орталығы» хабарлады.

    Ербол Хамитов 12,5 қашықтықты 42 минут 17 секундта жүріп өтіп, атыс шептерінен бірде-бір рет өтуге жол бермеді. Бұл қашықтықты 41,21 секундта бағындырып, бірінші орынды украиналық Тарас Рад жеңіп алды. Үшінші орын 42,18 ұпаймен украиналық Васил Кравчукқа бұйырды.

    Жарысқа Қазақстаннан Александр Герлиц пен Ербол Хамитов қатысуда.

     

    Динара АМАНТАЙ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *