• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Шавкат Рахмонов америкалық үздік спортшыны айқын басымдықпен жеңді (ВИДЕО)

    Ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (16-0) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 турнирінде кезекті қарсыласымен кездесті.

    Рахмонов америкалық жеңімпаз Джефф Нилден (15-4) басым түсіп, оны үшінші раундта таза жеңді.

    Жекпе-жек алдында Нил жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде Рахмоновтан жоғары болған. Тізімде ол жетінші, ал осы жолғы қазақстандық қарсыласы тоғызыншы болып тұр еді.

    Осылайша, қазір Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабындағы 17-жеңісіне жетіп отыр. Ол шаршы алаңда әлі жеңіліп көрмеген. Ал Джефф Нил бесінші рет жеңіліске ұшырады.

    Бұл – Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі бесінші жекпе-жегі.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *