Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Alash Pride» промоушенінің ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен «Alash Pride FC75» халықаралық турнирінің баспасөз брифингі өтті. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аталған шаралардың өтуі мен ұйымдастырылуы жөніндегі баспасөз жиынына «ALASH PRIDE FC» промоушенінің президенті, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қызметкері Данияр Қасқарауов, Нұр-Сұлтан қаласының Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бахтияр Масанов, спорт саласының мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты. ...
Read More »Author Archives: admin
Көзден кетсе де, көңілден кетпейді
(Амангелді Сейітхановтың құрметіне команда құрылды) Жақында астанада шағын футболдан журналистердің BAQ League біріншілігінің кезекті маусымы басталды. Оған белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітхановтың құрметіне құрылған «Жеңіс Dream team» командасы да қатысып жатыр. Осы жасаққа жиналған барлық жігіттерге алғысымды айтамын. Командаға шақырған әріптесім Всеволод Хванға ризашылығымды білдіремін. Аужекең екеуі «Литер» командасында бірге ойнаған еді. Ол кезде Аман ағаммен мен 2020 – ...
Read More »Құрбан айт жарыстың көрігін қыздырды
Барша мұсылманның көптен күткен Құрбан айт мерекесі де келіп жетті. Қасиетті Айт күнінде жағдайы келген әрбір мұсылман құрбан шалуға міндетті. Дегенменде хадисте: «Нағыз байлық – дүниенің ағыл-тегіл көптігі емес. Нағыз байлық – жан сарайының байлығы», – деген. Ендеше, бұл күні иманын күшейтіп, жақындарын аралап Айт мерекесімен құттықтап, қауышу да адамның жан сарайының байлығын нығайта түседі. Таң қылаулап ата бастаған сәттен ...
Read More »Алыптар ауылдан шығады
Жуырда Жетісу өңіріне жол түсіп барып қайтқан едік. Кезінде Ілияс Жансүгіров өз жырларына арқау болып кестелеген Жетісу өлкесінің тұмса табиғатына сүйсініп, өзіңнің де көмейіңнен жыр суырлып шығатындай күйде боласың. Алланың нұры қонған жердің бір жаннаты дерсің. Көлікпен желдей есіп бара жатып, қазағымның кең байтақ даласына көзің тоймай тамсана қарай бересің. Бұл бір ғажап әсерлі көрініс. Талдықорған қаласына келіп табан тірегеннен ...
Read More »Есімі ел есінде
Алматыдағы Қазақтың Спорт және туризм академиясының шаңырағында қазақ күресіне өлшеусіз үлес қосқан ұлттық күресіміздің жанашыры, Қазақстан Республиксына еңбегі сіңген жаттықтырушы марқұм Нұржан Өтеновты еске алуға арналған төл күресімізден ересектер арасында республикалық жарыс болып өтті. Негізі бұл қазақ күресінің қазанында қайнасып, өмірінің соңғы сәтіне дейін бар күш жігерін салған ардақты жанды еске алуға арналған сауапты шара еді. Қазақ күресі бірде құлдилап, ...
Read More »Көзден кетсе де, көңілден кетпейді (ФОТО)
Біздер қасымызда жүрген қадірлі, құрметті жандарды тек арамыздан кеткенде ғана біліп жатамыз. Әрине, адамның артықшылығын көзі тірісінде бағаланып, халық алдында лайықты бағасын алып жатса одан артық не бар шіркін. Қазақтың көптеген жақсы, жайсаңдары ортамызда жүргенде барынша еленбей, бақилық сапарға аттанып кетіп жатқандарында ғана «Ой, қандай адам еді», деп, жерге сыйғызбай мақтауын келістіреміз. Менің айтпағым, адамды көзі тірісінде жақсы сөздермен жан ...
Read More »«Шыққан тегі Қорғалжыннан»: Сәпиев Қорғалжынға ата-бабасы туған өңірге барып қайтты
Бокстан Олимпиада және екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиев Ақмола облысы Қорғалжын ауданына ата-бабалары туған өңірге барып қайтты. Атақты боксшы Қорғалжын ауданында алғаш рет өткізілген «Жігер – 2022» оқушылар спартакиадасына қатысты. Оның ашылу рәсімінде Парламент мәжілісінің экс-депутаты, Қорғалжынның тумасы, ҰҚК-ің отставкадағы полковнигі Файзулла Қаменов жергілікті зиялы және спорт қауымының атынан бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, «Вэл Баркер» кубогының иегері, екі дүркін ...
Read More »Қорғалжында тегіне тартқан тарландар тұрады
13-14 мамыр күндері Ақмола облысының Қорғалжын ауданында алғаш рет «Жігер – 2022» оқушылар спартакиадасы өтті. Оған аудан бойынша 13 мектептен 446 бала қатысты. Спартакиадада оқушылар тоғызқұмалақ, футбол, дзюдо, асық ату, үстел теннисі, президенттік көп сайыс, қыздар және ұлдар арасындағы волейбол секілді спорт түрлерінен бақ сынасып, мықты дегендері жеңіс тұғырына шықты. Жарыста төрешілердің шешімімен бірінші орынды Қорғалжын мектеп-гимназиясы, екінші орынды Ақтан ...
Read More »Құсбегі Кәусар қыраннан кем көрмейді қаршығасын
Бүгінде қаршығасын қомдап, ителгісін баптап, қыранын аңға салатын қазақ санаулы. Кәусар Бауыржан ата-баба кәсібінің қайта түлеп, бекзат өнердің жаңғыруына тамшыдай болса да үлес қосып жүрген сол санаулы жанның бірі деп хабарлады Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі. Тұлымшағы желбіреген нәзік жан құсбегілікті кішкентайынан кәсіп еткен. Ел чемпионатында 3 мәрте қаршығасының бағын сынап көріпті. Әзірге олжа салмаған. Әйтседе киелі ...
Read More »«Классиктеріміз» жалпы есепте топ жарды
Бүгін Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні грек-рим күресі шеберлері арасындағы белдесулер аяқталды. Қазақстан құрамасы 10 салмақтың тоғызында жүлде алып,180 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орында 151 ұпаймен Иран құрамасы. Үздік үштікке 133 ұпайға ие болған Қырғызстан құрамасы кірді. Бүгін 67 килодағы балуанымыз Мейіржан Шермаханбет ел қоржынына екінші алтын жүлде салса, ...
Read More »