Футболдан әлем чемпионы, Олимпиада және Оңтүстік Американың чемпионы, «Алтын доп» сыйлығының жеті дүркін иегері, «Алтын бутсы» наградасын алты рет алған Аргентинаның ұлттық құрама командасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси Түркия мен Сириядағы жір сілкінісінен зардап шеккен адамдарға 3,5 млн еуро көлемінде көмек жібергенін айтты.
Tiranapost басылымының хабарлауынша, аргентиналық футболшы өзінің жеке қоры арқылы Түркия мен Сирияға көмек ретінде қомақты қаражат жібергісі келетінін айтқан. Содан кейін Мессидің қоры зілзаладан зардап, көмеке зәру болып отырған халыққа 3,5 млн еуро жіберген.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА