• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Месси

    Месси ПСЖ-дан кетеді — БАҚ

    Футболдан Аргентина ұлттық құраамсының шабуылшысы Лионель Месси «Пари Сен-Жермен» клубымен келісімшартты  ұзартпайтын болып, футбол маусыымның соңында командадан кететінін ескертті. Бұл туралы әлеуметтік желіде инсайдер Фабрицио Романо айтты, деп хабарлады championat.com Инсайдердің айтуынша, футболшы мен ПСЖ клубының басшылығы бір келісімге келе алмаған. Бұған дейін де көп рет Мессидің Франция клубынан кететінін туралы айтылып келген еді. Енді мәселе түбегейлі шешілшен сияқты, — ...

    Read More »

    Месси мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

    Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси «Пари Сен-Жермен» клубының басшылығына ескертпей, өз еркімен Сауд Арабиясына барғаны үшін командаластарынан кешірім сұрады. Мен матчтан кейін әдеттегідей демалыс болады деп ойлаған едім. Мен бұл сапардан бас тартқым келмеді. Себебі, бұған дейін де ол жаққа бармай қалғанмын. Командадағы әріптестерімнен кешірім сұраймын. Клуб маған қандай шаралар қабылдаса да бәне түсіністікпен қараймын, — деді ол. Бұған ...

    Read More »

    Мессидің трансферлік бағасы арзандап кетті

    Футболдан әлем чемпионы, Аргентинаның ұлттық құрамасы командасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Мессидің трансферлік бағасы 16 жылда алғаш рет  50 млн еуродан арзандап кетті. Осы кезге дейін Мессидің құны 45 млн еуро болған. Сөйтіп, аргентиналық футболшының трансферлік бағасы 2007 жылдан бері алғаш рет 50 млн еуродан арзан болып отыр. Былтырғы жылдың қараша айында Transfermarkt Мессиді 50 млн еуроға бағалаған, ...

    Read More »

    Мессидің балалық шағы туралы мультхикая түсіріледі

    Аргентина ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» футбол клубының шабуылшысы Лионель Мессидің балалық шағу туралы мультхикая түсіріледі. Оны  америкалық компаниялардың бірі түсіреді. Режиссерлардың айтуынша, мультхикаяда футболшының балалық шағы көрсетіледі. Онда бала Лео бейнеойын арқылы әлемді шарлап, түрлі кедергілерден өтеді. Фильмде америкалық студияның өнерпаздары мен композиторларының музыкасы пайдаланылады. Мультхикаяны түсіру жұмыстарына Мессидің өзі де қатысады. Фильм әлемнің көптеген тіліне аударылады. Сериалдың қашан ...

    Read More »

    Месси Аргентинаның командасына алтынмен апталған  iPhone-ге тапсырыс берді

    Аргентиналық футболшы Лионель Месси әлем чемпионы атанған ұлттық құраманың ойыншылары мен команданың қызметкерлеріне шамамен 210 мың долларға 35 алтын iPhone смартфонына тапсырыс берді. Бұл туралы The Sun хабарлады. Әрбір телефонда ойыншының аты, нөмірі және Аргентинаның логотипі жазылады. Басылымның хабарлауынша, футболшы кәсіпкер Бен Лайонспен хабарласып, екеуі бірігіп дизайн ойлап тапқан. Лионель әлем чемпионатының финалынан кейін бір-екі ай өткен соң бізге хабарласты. ...

    Read More »

    Месси Түркия мен Сирияға қомақты қаражат жіберді

    Футболдан әлем чемпионы, Олимпиада және Оңтүстік Американың чемпионы, «Алтын доп» сыйлығының жеті дүркін иегері, «Алтын бутсы» наградасын алты рет алған Аргентинаның ұлттық құрама командасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси Түркия мен Сириядағы жір сілкінісінен зардап шеккен адамдарға 3,5 млн еуро көлемінде көмек жібергенін айтты.  Tiranapost басылымының хабарлауынша, аргентиналық футболшы өзінің жеке қоры арқылы Түркия мен Сирияға көмек ретінде қомақты ...

    Read More »

    Лионель Месси үздік ойыншы атанды

    Аргентина мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Американың үздік ойыншысы атанды. Сhampionat.com сайтының хабарлауынша, Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) Оңтүстік Американың өткен жылғы үздік ойыншыларын анықтаған. Көш басында Лионель Месси тұр. Сонымен, үздіктердің толық құрамы мынада: Қақпашы: Эмилиано Мартинес (Аргентина, «Астон Вилла»); Қорғаушылар: Николас Отаменди (Аргентина, «Бенфика»), Тьяго Силва (Бразилия, «Челси»), Кристиан ...

    Read More »

    Месси чемпиондардың чемпионы атанды

    Аргентина құрамасы мен Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси L’Équipe басылымы өткізген сауалнаманың қорытындысы бойынша 2022 жылдағы чемпиондардың чемпионы атағына лайық деп танылды.   L’Équipe редакциясы журналистерінің айтуынша, бұл сыйлық жылдың ең үздік спортшысына беріледі. Рейтинг 4 желтоқсан күні аяқталған дауыс берудің нәтижесі бойынша жасалған. Дауыс беру қорытындысы бойынша Лионель Месси 808 ұпай жинады. Франция құрамасы мен «ПСЖ-ның» шабуылшысы Килиан ...

    Read More »

    Аргентина халқы Мессидің ел президенті болғанын қалайды

    Аргентиналық атақты футболшы Лионель Месси өзін кезекті сайлау кезінде президент орынтағына ұсынар болса, оны ел тұрғындарының 43,7 пайызы қолдар еді. Бұл туралы MSN хабарлады. Бұдан бірер күн бұрын Giacobbe & Asociados ұйымы жүргізген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы осындай нәтиже көрсеткен. Сонымен бірге француздың «Пари Сен-Жермен» клубының форвардын Аргентина президенті ретінде қабылдай алмайтын отандастарының саны 37,8 пайыз болған. Тағы 17,5 пайыздық қауым ...

    Read More »

    Катар университетінде Месси тұрған бөлме мұражайға айналады

    Катарда футболдан өткен әлем чемпионатынан кейін Аргентина құрамасының шабуылшы Лионель Месси тұрған бөлме мұражайға айналады. Катар университеті Аргентина құрамасының капитаны тұрған бөлмені шағын мұражайға айналатынын хабарлады. Чемпионат кезінде команда тұрған оқу орнының қалашығы Аргентина туы түстес – көк және ақ түстермен безендірілді. Онда әлем чемпиондары бейнеленген плакат, олардың қолтаңбалары бар футболкалар қойылды. Катардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Францияны (негізгі ...

    Read More »