• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Лионель Месси үздік ойыншы атанды

    Аргентина мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Американың үздік ойыншысы атанды.

    Сhampionat.com сайтының хабарлауынша, Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) Оңтүстік Американың өткен жылғы үздік ойыншыларын анықтаған.

    Көш басында Лионель Месси тұр.

    Сонымен, үздіктердің толық құрамы мынада:

    Қақпашы: Эмилиано Мартинес (Аргентина, «Астон Вилла»); Қорғаушылар: Николас Отаменди (Аргентина, «Бенфика»), Тьяго Силва (Бразилия, «Челси»), Кристиан Ромеро (Аргентина, «Тоттенхэм»);

    Жартылай қорғаушылар: Родриго Де Пауль (Аргентина, «Атлетико»), Каземиро (Бразилия, «Реал»/«Манчестер Юнайтед»), Энцо Фернандес (Аргентина, «Ривер Плейт»/«Бенфика»), Винисиус Жуниор (Бразилия, «Реал»);

    Шабуылшылар: Неймар (Бразилия, «ПСЖ»), Хулиан Альварес (Аргентина, «Ривер Плейт»/«Манчестер Сити»), Лионель Месси (Аргентина, «ПСЖ»).

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *