• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    АҚШ боксшылары биылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

    АҚШ бокс федерациясының басшылығы биылғы әлем чемпионатына Ресей мен Беларусь өкілдері қатысатын болғандықтан, ерлер мен әйелдер арасындағы жекпе-жектен бас тарту туралы шешім қабылдады.

    Бұл бойкотқа Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) Ресей мен Беларусь боксшыларына өз туы астында өнер көрсетуіне рұқсат беруі себеп болып отыр. Америка бокс федерациясының басшысы Майк Макэйти ресми хатында Халықаралық бокс қауымдастығының халықаралық ережелер мен fair-play қағидаттарына сәйкес келмейтін талаптарын атап көрсетті.

    Алты ай бұрын Халықаралық бокс қауымдастығы саяси бейтарап ұйым болып қала беретінін айтып, Ресей мен Беларусь боксшыларын халықаралық жарыстардан шеттету туралы шешімнің күшін жойды.

    Биылғы ерлер арасындағы әлем чемпионаты Өзбекстанда 1-14 мамыр аралығында өтеді. Әйелдер  15 пен 31 наурыздың аралығында Үндістанда өтетін әлем чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *