• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Теннисші Дмитрий Попко АҚШ ITF турнирінің жеңімпазы атанды

    Теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Наплес қаласында өткен ITF турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда дүниежүзілік рейтингіде 649-орында тұрған эквадорлық Андрес Андрадемен күш сынасып, оны 3:6, 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңді. Бұл екеуі жақында Палм-Коуст қаласындағы дәл осындай жарыстың финалында ойнаған еді. Сол кезде Попко қарсыласын 7:5, 1:6, 7:5 есебімен жеңген болатын. Енді эквадорлық теннисші Попкодан тағы да жеңілуге мәжбүр болды. Бұл ...

    Read More »

    Қазақстан төрешісі Ирандағы турнирде үздік деп танылды

    Таеквондодан Иранда өткен G2 санатындағы President’s Cup Asian Region турнирінде Арайлым Аймурзина үздік деп танылды, деп хабарлады Olympic.kz.  Жарысты ұйымдастырушылар қазақстандық төрешінің еңбегін бағалап, оған үздік төреші атағын берді. Ирандағы турнирде Қазақстан командасы бес медаль жеңіп алды. Құрама қоржынында 1 күміс, 4 қола медаль бар.  

    Read More »

    Қазақстан теннисшілері J500 ITF Juniors турнирін жеңіп алды

    Теннисші Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева Мысырда өткен J500 ITF Juniors турнирінің жұптық сында жеңімпазы атанды, деп хабарлады Rraketkasi. Тағы екі теннисшіміз Александр Недовесов пен Дмитрий Попко ATP 250 мен ITF турнирінің финалына шықты. Недовесов Мексиканың Лос-Кабос қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінде эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда мексикалық Мигель Анхель Рейес-Варела мен аргентиналық Гвидо Андреоццимен сынға түсті. Бірінші ...

    Read More »

    Гимнасшы Нариман Курбанов Әлем кубогының иегері атанды

    Гимнасшы Нариман Курбанов Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде топ жарды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама спортшысы өзінің оң жамбасына келетін ат снарядындағы жаттығуда ешкімге дес бермеді. Финалда ол 15 433 балл алды. Іріктеуде Нариман Курбанов 15 600 ұпай жинап, көш басына шыққан еді. Нариман Курбанов былтыр осы Котбустағы кезеңде ...

    Read More »

    Шорт-тректен ӘЧ: Алина Әжіғалиеваның күміс жүлдесі тарихи оқиғаға баланып жатыр

    Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ұлттық құраманың спортшысы Алина Әжіғалиева 1500 метр қашықтықтың финалына шығып, мәреге екінші болып келді. Мажарстан спортшысы Майя Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдегер а атанды. Бұл — еліміздің тарихындағы бұрымды шорт-трек шеберлерінің әлем чемпионатында жеңіп алған тұңғыш жүлдесі. Бұған дейін әлем чемпионатының жүлдегерлерінің қатарында тек Денис Никиша ...

    Read More »

    Велотректен АЧ: Рамис Дінмұхаметов мәреге үшінші болып жетті

    Велотректен Үндістанның астанасы – Дели қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Топтан тыс қалу жарысында Рамис Дінмұхаметов қола жүлдегер атанды. Осы бағдарламада әйелдер арасында ұлттық құраманың көшбасшысы Рината Сұлтанова жүлдеге бір табан жетпей, мәреге төртінші болып жетті. Ал спринтте Дмитрий Резанов финишке 10-шы, Андрей Чугай ...

    Read More »

    Қазақстан спортшылары Сурдлимпиадаға қатысады

    2-12 наурызда Түркияның Эрзурум қаласында XX қысқы Сурдлимпиада ойындары өтеді. Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында төрт жылда бір өтетін қысқы ойындарға әлемнің 36 мемлекетінен 1000-нан астам спортшы қатысады.  Бұл жарыста спорттың 7 түрінен  38 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрама командасы спорттың 3 түрінен күш сынасады. Сурдимпиадаға 30 спортшы барады. Ұлттық құрама спортшыларын байрақты додаға салтанатты түрде шығарып салу ...

    Read More »

    Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның жаңа эскизі ұсынылды

    Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды бұзып, оның орнына жаңа жабық типті стадион салу туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды қайта жаңғырту орнына толық демонтаж жасап, жаңа стадион салу жоспарланып отыр. Бұл құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімін ұзартады. Жабық үлгідегі жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Стадионның жаңа эскизі ...

    Read More »

    Рыбакина турнирде ойнаудан бас тартты

    Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында теннистен өтіп жатқан Dubai Duty Free Tennis Championships WTA турнирін асқазан-ішек жолы ауруына байланысты жалғастырудан бас тартты. Кеше еліміздің бірінші ракеткасы Польша өкілі Магдалена Френхтті жеңіп, Дубай WTA 1000 додасының ширек финалына шыққан болатын. ¼ финалда Рыбакина әлемнің 26-ракеткасы италиялық Ясмина Паолинимен кездесуі керек еді. Осылайша жартылай финалға италиялық Ясмин Паолини жартылай финалға жолдама алды. ...

    Read More »

    «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Дани Алвес 4,5 жылға сотталды

    Испания соты «Барселона» клубының бұрынғы ойыншысы бразилиялық Дани Алвесті әйел зорлады деген айыппен 4,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге сот Дани Алвеске жәбірленушіге 150 мың еуро моральдық өтемақы төлеу туралы шешім шығарды. Қолда бар мәліметке қарағанда, бразилиялық футболшы Барселона қаласының түнгі клубтарының бірінде бір әйелмен танысып, оны дәретханада зорлаған. Ал Алвестің айтуынша, әйелдің өзі жыныстық қатынасқа келісімін берген. Бірақ ...

    Read More »