Астанада 25 сәуір мен 8 мамыр аралығында Beeline Arena спорт кешенінде жастар және U-22 боксшылар арасындағы ASBC Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Құрлықтық додаға Азияның 25 мемлекетінен 500-ден астам боксшы қатысады. Екі жас аралығында жігіттер мен қыздар арасында өтетін бәсеке олимпиялық жүйе бойынша ұйымдастырылады. U-22 (2002-2005 ж.т. аралығы): Жігіттер арасындағы жекпе-жектер – 46-48, 51, 54, 57, 60, ...
Read More »Author Archives: admin
Қарысбек Махамбетов: «Ризабек жаңа салмаққа бейімделіп жатыр»
Еркін күрестен Қазақстан құрама командасының жаттықтырушысы Қарысбек Махамбетов Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні туралы өз ойын айтты. Жаттықтырушы Olympic.kz-ке сұхбатында балуандардың күресіне баға беріп, олардың алдағы мүмкіндіктері туралы пікір білдірді. Ол алғаш рет Азия чемпионатында жүлде алған Мейрамбек Қартбай туралы былай деді: Мейрамбек Қартбай алғаш рет Азия чемпионатында жүлдегер болды. Ол былтырғы әлем чемпионатының жартылай финалына дейін ...
Read More »Күрестен АЧ: Ризабек Айтмұхан — күміс медалист!
Қырғызстанның Бішкек қаласында еркін күрестен өтіп жатқан Азия чемпионатында еліміз тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта күміс жүлдегері атанды. Ол финалда 97 келі салмақтағы әлем чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновпен күресіп, 2:4 есебімен есе жіберді. Бұл екеуі бозкілемде осымен екінші рет кездесті. Бұған дейін Түркияда өткен халықаралық турнирде де Тажудинов қазақ балуанын жеңген болатын. Ризабек Айтмұхан — 92 ...
Read More »Еліміздің әрбір оныншы тұрғынынан созылмалы бүйрек ауруы кездеседі — дәрігерлер
Алматыда созылмалы бүйрек ауруының (СБА) ауыртпалығына арналған баспасөз мәслихаты болды. «Бүйрек саулығы барлығымыз үшін» атты жиын Дүниежүзілік бүйрек күніне орай өткізілді. Іс-шара нефрология, эндокринология және терапия салаларындағы жетекші сарапшылардың басын қосты. Дәрігерлер СБА-ның таралу статистикасын айтып, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін, диагностика мен емдеудің қолжетімді әдістерін талқылады. СБА-ны ерте анықтауға және алдын алуға да ерекше назар аударылды. Іс-шара Қазақстандағы ...
Read More »Мейрамбек Қартбай – еркін күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері! (ВИДЕО)
Күрес түрлерінен Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен 57 келі салмақта күш сынасқан Мейрамбек Қартбай қола медальге ие болды. Ол Азия чемпионатына екінші рет қатысып, алғаш рет медальді жеңіп алды. Балуан бірінші рет Азия чемпионатына 2019 жылы қатысқан болатын. Сол кезде Қытайда өткен құрлық чемпионатында ол 9-орыннан көрінген еді. Ал биылғы Азия додасында Мейрамбек Қартбай жартылай финалға шығып, ...
Read More »Күрестен АЧ: Мейрамбек Қартбай қола жүлде үшін күреседі
Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында ұлттық құраманың спортшысы Мейрамбек Қартбай (57 кг) жартылай финалда қарсыласына есе жіберді. Мейрамбек Қартбай мен Кенто Юмия арасындағы белдесу 2:4 есебімен жапон балуаны жеңіске жетті. Оған дейін Қартбай ширек финалда өзбекстандық Нодирбек Жұманазаровты жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын. Ұлттық құраманың тағы бір өкілі Мейіржан Әшіров (70 кг) Түркменстан спортшысы Перман Хоммадовтан ...
Read More »Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалына шықты
Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (92 келі салмақта) Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың балуаны 97 келіге дейінгі салмақта жартылай финалында Үндістанның өкілін мерзімінен бұрын тізе бүктірді. Ризабек Айтмұхан осыған дейін Бішкек бозкілемдерінде өзбекстандық Махсұд Вейсалов пен Қырғызстанның спортшысы Андрей Ароновты ...
Read More »Кәсіпкер Рақымғали Құл-Мұхаммед мемлекетке қолғабыс жасады
Белгілі кәсіпкер, «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед елімізде су тасқыны мен қардың суынан зардап шеккен өңірлердің халқына өз атынан қаржылай көмек берді. Құрметті достар! Еліміздің біраз өңірін су басып, халқымыздың басына ауыртпалық түсіп, қатты қиындық көріп жатқаны мені де алаңдатып отыр. Осы бір қиын күндерде өздеріңізбен бірге екенімді білдіріп, табиғат апатынан зардап шеккен бауырларымызға демеушілік жасап, өз атымнан 10 млн ...
Read More »Қазақстан ауыр атлетикадан Олимпиадаға жолдама ала алмады
Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың спортшылары бірде бір жүлде ала алмады. Еліміздің атынан соңғы болып 87 келіден аса салмақ дәрежесінде Айсамал Сансызбаева мен Сұлтан Мейрам (109 кг) шықты. Қоссайыс қорытындысында Айсамал Сансызбаева 235 келіні (жұлқа көтеруде 105 кг мен серпе ...
Read More »Олимпиадаға арналған киім формасының дизайнына жаңа конкурс жарияланды
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» Париждегі жазғы Олимпиадаға арналған Қазақстан ұлттық құрамасының киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған конкурс қайтадан жарияланғанын хабарлады. Осыған дейінгі ақпан айында басталған ұлттық құраманың киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған конкурста қатысушылардың ешбір эскизі комиссия мүшелерінің көңілінен шықпауына ...
Read More »