• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Бейбіт Жукаев Australian Open турнирін жеңіспен бастады

    Теннисші Бейбіт Жукаев Аустралия ашық чемпионатының іріктеу турнирін жеңіспен бастады. Ол іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингіде 511-орында тұрған аустралиялық Николас Кикермен кездесті. Бірінші партияда Жукаев қарсыласын 6:1 есебімен, екінші сетте 6:4 есебімен жеңіп, келесі айналымға шықты. Матчта Қазақстан теннисшісі 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Мачтың өзі 1 сағат 18 минут болды. Енді Бейбіт Жукаев іріктеу турнирінің жартылай ...

    Read More »

    Жәмила Бақбергенова мен Эльмира Сыздықова ел чемпионатында белдеседі

    1-5 ақпан күндері Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді. Онда Шымкент, Алматы, Астана қалалары мен 17 облыстың балуандары бақ сынайды. Ел чемпионатында бірінші және екінші орын алған балуандар Қырғыз елінде өтетін екі бірдей дүрмекті додада ел намысын қорғайды. Олар Олимпиаданың  іріктеу лицензиясы мен Азия чемпионатына барады. Қазақстан чемпионатында Жәмила ...

    Read More »

    Атақты футболшы Франц Беккенбауэр қайтыс болды (ВИДЕО)

    Германияның атақты футболшысы әрі жаттықтырушы, әлем чемпионы, үздік футболшыға берілетін «Алтын доп» сыйлығын екі рет алған  Франц Беккенбауэр 79 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Беккенбауэрдің денсаулығының нашарлап кеткені туралы ақпарат былтыр жазда шыға бастаған. Қолда бар мәліметке қарағанда, 2015 жылы Стефан деген ұлы қайтыс болғаннан кейін экс-футболшының денсаулығы нашарлап, жүрегіне операция жасатқан. Одан кейін көз инфарктісі болып, Паркинсон ауруы мен ...

    Read More »

    Елімізге Ресей мен Қытайдан келетін туристер көбейді

    Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, өткен жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында елімізге 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл – 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 225 мың адамға көп. Яғни, өсім 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға артқан. 2022 жылы елімізге 609,8 мың шетелдік келген. Статистикаға қарағанда, елімізге саяхаттайтын шетелдік туристер жыл санап артып келеді. Мәселен, Қазақстанға жақын көршілерімізден бөлек, мұхиттың арғы ...

    Read More »

    Велоспортшы Дастан Ордабай — халықаралық жарыстың жеңімпазы!

    Велоспортшы Дастан Ордабай Аустралияның Балларат қаласында өткен Trial Virtus Oceania Road Cycling World Series жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. World Cycling Series жарысына мүгедектігі бар велоспортшылар қатысады. Биылғы додада 62 пара спортшы жарысты. Қазақстан атынан бұл турнирге «Зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ пара-спортшысы, аутизм спектрі бұзылған Дастан Ордабай қатысты. Астаналық спортшы II-3 ...

    Read More »

    Шыңғысхан мен Шумекова Олимпиадада Қазақстан туын ұстап шығады

    19 қаңтарда Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында IV қысқы жастар Олимпиадасының ашылу салтанатында еліміздің туын ұстап шығатын спортшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Олимпиаданың ашылу салтанатында «Мемлекеттер шеруі» кезінде Қазақстанның байрағын конькиші Кристина Шумекова мен шорт-трекшісі Ерасыл Шыңғысхан ұстап шығады. Шумекова Петропал қаласының, Шыңғысхан – Орал қаласының тұрғыны. Спортшылар жарыстардағы үздік нәтижелері үшін ғана емес, ...

    Read More »

    Мбаппе «Реалмен» келісімге келді — БАҚ

    Foot Mercato басылымына сілтеме жасаған «Спорт-экспресс» газеті Франция ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппенің Мадридтің «Реал» командасымен келісімшарт жасайуы мүмкін екенін хабарлады. БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, Мбаппе испаниялық клубпен келісімге келген. Енді ол биыл жазда Ла Лигада ойнайтын болады. Ал Мбаппенің өзі келісімшарт әлі жасалмағанымен, алдағы уақытта «Реал» клубының қатарынан көрінуі мүмкін айтты. Менің биылға мотивациям жақсы. Былтырғы ...

    Read More »

    Астанада күрестен Қазақстан чемпионы анықталады

    Жақын арада балуандар Астанада ересектер арасында грек-рим, әйелдер және еркін күресінен өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады. Ел чемпионаты 1-5 ақпан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек спорт сарайында болады, деп хабарлады Қазақстан күрес түрлері федерациясы. Грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясының хабарлауынша, 1 ақпанда  грек-рим күресінің балуандары 55, 63, 72, 82, 97 келіде, 2 ақпанда 60, 67, 77, 87 және 130 ...

    Read More »

    Күрестен рейтингтік ұпай берілетін Zagreb Open турнирі өтеді

    Хорватияның Загреб қаласында 10-14 қаңтар аралығында күрес түрлерін Zagreb Open халықаралық турнирі өтеді. Бұл турнирде балуандарға рейтингтік ұпайлар беріледі. Турнирде балуандар грек- рим, еркін және әйелдер күресінен күш сынасады, деп хабарлады Қазақстан күрес түрлері федерациясы. Қазақ елінің атынан Загребте жалауы көтерілетін жарысқа төрт спортшы қатысады. Еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 келі), әйелдер күресінен Ирина Казюлина (65 келі),  Елена Шалыгина (68 ...

    Read More »

    Бүгін Рыбакина тағы бір турнирге қатысады

    Бүгін Аустраиляның Аделаида қаласында теннистен WTA 500 турнирі басталады. Ол 13 қаңтарға дейін болады. Осы турнирге әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина да қатысады. Рыбакина кешегі Брисбен қаласында болған WTA 500 турнирін жеңіп алған соң, жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелді. Ол доданы екінші айналымнан бастайды. Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолини немесе дүниежүзілік рейтингте 61-орында тұрған испаниялық Кристина ...

    Read More »