• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Мөлдір Жаңбырбай – XII Дүниежүзілік ойындардың күміс медалисі!

    Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарда каратэден бірінші жарыс күні Қазақстан қоржынына алғашқы күміс медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Кумите бағдарламасында 50 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай 4 жылда бір өтетін айтулы доданың финалына дейін жетті.

    Ол финалда Иран спортшысы Сара Бахманиермен күш сынасты. Негізгі уақыт 0:0 есебімен тең аяқталды. Хантей нәтижесінде (төрешілердің жасырын дауыс беруі) жеңіс Сара Бахманиерге бұйырды, — делінген хабарламада.

    Мөлдір Жаңбырбайдың жарыс жолындағы қарсыластары:

    Силия Уикен (Алжир, 21 жасқа дейінгі әлем чемпионы) — 4:0

    Йоргелис Салазар (Венесуэла, 2022 жылғы Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері) — 3:0

    Жунхуй Ванг (Қытай) — 0:1

    Енді ертең жарыс жолына Софья Берульцева (+68 келі), Әсел Қанай (61 келі), Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) шығады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *