Тәуелсіздік күні жақындаған сайын Желтоқсан батырларының арасында түрлі іс-шаралар, кездесулермен бірге спорттық додалы жарыстар қызу өте бастайтыны белгілі. Бүгін Алматы қаласындағы «Айнабұлақ» шағын ауданында орналасқан № 129 жалпы білім беру мектебінде Тәуелсіздік күніне орай, тағы бір тартысты Cпартакиада болып өтті. Жарысқа Жетісу ауданындағы 19 ұйымының атынан командалар келіп қатысып, спорттың дартс, шахмат, волейбол сынды түрлерінен күштерін сынады. Спартакиадаға қатысқан Желтоқсан ...
Read More »Author Archives: admin
Жанбота Алдабергенова Еуропа кубогының иегері атанды
Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан өткен Еуропа кубогы үшін жарыста Жанбота Алдабергенова жеңіске жетті. Ол 83,47 ұпай алып, алтын жүлдегер атанды. Күміс медальді канадалық Александра Монтмини, қола жүлдені америкалық Амелиа Глоговски иеленді. Жарыста тағы екі Қазақстан спортшысы Ардана Маханова 10, Аделина Өмірзақова 13-орынды алды. Бұған дейін Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-акробатика мен могулдан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қола жүлдегер ...
Read More »Тәуелсіздік күні алдындағы тартысты турнир (ФОТО)
Тәуелсіздік күні алдында еліміздің әр аймағында түрлі шаралар ұйымдасытырылып жататын бір дәстүр бар. Бүгін ПҚ «Желтоқсан Ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен Алматы шаһарындағы Әуезов ауданындағы 173 мектеп-гиназияда дүбірлі бір аламан спорттық жарыстар болып өтті. Айтулы Спартакиада бағдарламасында шағын футбол, дартс, шахмат және арқан тарту спорт сүрлерінен осы қоғамдағы Желтоқсанның батырлары бақтарын сынап жеңіс үшін аянбады. Негізі спортты денсаулықтың кепілі ...
Read More »«Намыстың» әкесі
10 желтоқсан – ұстазым Несіп Жүнісбайұлының кіндігі кесілген күн! Несіп Жүнісбайұлы – қазақ журналистикасындағы бір салаға маманданып, өзі таңдаған саланың отымен кіріп, күлімен шығудың дәстүрін, мектебін қалыптастырған санаулы қаламгердің бірі. Сейдахмет Бердіқұл ұлттық спорт журналистикасының негізін қалап, күре жолын салып кетсе, Несаға сол жолды бес құрылыққа жалғап, ұстаз дәстүрін ілгері сүйреді. Тарихқа жүгінсек, ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарының соңы, сексенінші жылдарының ...
Read More »Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдамаға таласады
14 желтоқсанда Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатының элиталық іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Нидерланд құрамаларының матчы болады. Матч сағат 20:30-де басталады. Ойынды тікелей эфирде «QAZSPORT» телеарнасы көрсетеді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Румыния, Әзербайжан және Нидерланд құрамаларымен бірге А тобында ойнап жатыр. Қазір футзалдан еліміздің бас командасы төрт ойыннан ...
Read More »Бокс кешіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды
Астанада 15 желтоқсанда Халықаралық бокс федерациясының ұйымдастыруымен болатын кәсіпқой бокстан «Чемпиондар кешінде» Қазақстан былғары қолғап шеберлерімен шаршы алаңға шығатын шетелдің өкілдері анықталды. Кеште 8 жекпе-жек болады. Оған ұлттық құраманың үздіктері қатысады. Сонымен 51 келіде әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Өзбекстанның өкілі Нодиржан Мирзаахмедовпен, 57 келі салмақта тағы бір әлем чемпионы Махмұд Сабырхан кубалық Освальдо Диаспен, 63,5 келіде Серік Теміржанов Ресейдің боксшысы ...
Read More »Хосеп Гвардиола қызметінен кететінін айтты
«Манчестер Сити» футбол клубының бас жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола биылғы маусымның соңында мансабын аяқтауға дайын екенін айтты. Осы маусымда требл жасасақ, қызметімнен кетемін. Бұл менің соңғы шешімім. Әрине, клубтан кету өте қиын екенін білемін. Англияда жақсы ойнайтын команда көп. Өзімді Алекс Фергюсонмен салыстырмаймын. Оның жөні бөлек. Біз жаңа айтқанымдай, требл жасасақ, тарихта қаламыз. Сосын осындай әдемі нотада қызметімнен кетемін, – деді ...
Read More »Астанада Олимпиадаға ұпай беретін халықаралық турнир өтеді
Келесі жылдың 27 қаңтарында Астанада жеңіл атлетикаданьWorld Indoor Tour Gold турнирі өтеді. Olympic.kz-тің хабарлауынша, алтын деңгейлі тур әлемнің жеті қаласында болады. Ал финалдық кезеңнің жеңімпазы 23 ақпанда Испанияның астанасы – Мадрид қаласында анықталады. Астанадағы турнирде үздік атанған спортшылар Париж Олимпиадасына ұпай жинап, жеңімпаз атанған атлет Глазго қаласында өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Халықаралық турнирге сырықпен секіруден әлем ...
Read More »Ақтауда бокстан Қазақстан чемпионаты жалау көтереді
11-16 желтоқсан аралығында Ақтаудағы «Халық Арена» спорт кешенінде бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлады Маңғыстау облысы спорт басқармасының баспасөз қызметі. Ел чемпионатына Астана, Шымкент, Алматы қалалары мен 17 облыстың 20 командасынан 500-ге жуық былғары қолғап шеберлері қатысады. Бокстан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында іріктеліп, үздік атанғандар келесі жылы ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, әлем және Азия ...
Read More »Астанада кәсіпқой бокс кеші өтеді
Астанада 15 желтоқсанда Халықаралық бокс федерациясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокстан «Чемпиондар кеші» өтеді. Кеште сегіз жекпе-жек болады. Оған ұлттық құраманың үздіктері қатысады. 51 келіде әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай, 57 келі салмақта тағы бір әлем чемпионы Махмұд Сабырхан шаршы алаңға шығады. Орта салмақта Ертуған Зейнуллинов, Дулат Бекбауов пен ұлттық құрама команданың капитаны Асланбек Шымбергенов қолғап түйістіреді. Сонымен бірге Бекзат Нұрдәулетов пен Нұрбек ...
Read More »