• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: қараша 2017

    «Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі» байқауы жарияланды

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті «Жылдың Ұлттық спорттық жүлдесі» байқауының өткізілуін жариялайды. Байқау осы қараша айы бойы жалғасады. Әрбір қазақстандық ең мықтыларды өздері таңдайтын болады. Байқау Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейінгі жылдың спорттық сыйлығының жеңімпаздарын құрамында ҰОК пен Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері бар арнайы комиссия таңдап келсе, биыл енді ...

    Read More »

    Алматыда таеквондодан халықаралық турнир абыроймен өтті

    Алматыда таеквондодан халықаралық турнир мәресіне жетті.  Республикалық спорт колледжінің  алаңына төселген үш даянға 1443  спортшы шықты. «Барыс» таеквондо клубының кубогы үшін өтетін халықаралық сайыс ең алғаш рет 2009 жылы ұйымдастырылған еді. Оған 500-ге тарта спортшы қатысса, екінші жылдан бастап  қатысушылардың саны күрт артқан. Ал биылғы додаға 99 команда қатысып, Ресей, Моңғолия, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Әзірбайжан сынды елдердің тегеурінді таеквондошылары ...

    Read More »

    Стойлов: Жыл бойы біз ешқандай сыйлықақы алмадық

    «Астана» футбол командасының бас бапкері Станимир Стойлов Оралдың «Ақжайығына» қарсы ойын жайлы әрі төртінші мәрте қатарынан ел чемпионы атанғаны туралы пікір білдірді. – Ішкі біріншілікте кезекті рет жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Жыл бойы тынбай еңбек еттік, міне осының арқасында жемісін көріп отырмыз. Кез келген командаға төрт дүркін ел чемпионы атану бақыты бұйыра бермейді. Бұл жеңіске клубымыздағы барша қызметкердің еңбегі сіңді. Ал ...

    Read More »

    Вахид Масудов: «Астана» Еуропада ойнап, елімізде үстемдік құрып отыр

    «Ақжайық» командасының бас бапкері Вахид Масудов «Астанаға» қарсы ойын туралы ой бөлісті. – Өте ауыр ойын өткізгеніміз белгілі. Командалардың деңгейі жер мен көктей. «Астана» екі күн бұрын ойын өткізгеніне қарамастан, бірінші минуттан бастап қыспаққа алумен болды. Екі голдан да көбірек соғатын мүмкіндіктері болды. Ал біз қарсы шабуыл арқылы ойнауға әрекет еттік, бірақ ол ойымыз жүзеге аспады. Қолымыздан келгенше қарсылық көрсеттік, ...

    Read More »

    «Астана» төрт дүркін ел чемпионы атанды

    «Астана» 33-турда Оралдың «Ақжайығымен» кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы екі голды да Жуниор Кабананга салды. Осылайша «Астана» 79 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының 2017 жылғы жеңімпазы атанды. Екінші орынға «Астанадан» бір ұпайға кем жинаған Алматының «Қайраты» жайғасты. Атап өтерлік жайт, «Астана» осымен футбол біріншілігін төрт рет қатарынан жеңіп отыр. «Ақтөбе» 2007, 2008 және 2009 жылдары үш рет қатарынан чемпион болып, осыған ...

    Read More »

    Атырауда апайтөс палуандар күресі аяқталды

    Атырау облысы, Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылында дзюдо жəне қазақ күрестерінен Исатай ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Бақтығали Ғұбайдуллинді еске алуға арналған турнирдің түйе палуандар сайысы мəреге жетті. Бұл сайысқа 17 палуан қатысып, бақтарын сынады. Олардың арасында Руслан Əбдіразақов, Ержан Шынкеев секілді мықтылар болды. Өкінішке орай, Ержан алғашқы белдесуінде оралдық Темірлан Көлбаевтан ұтылса, Руслан екінші белдесуінде грузин Григорий Кавтарадзеге есе ...

    Read More »

    Аққыстау ауылына шетелдің палуандары жиналды

    Атырау облысы, Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылында дзюдо күресінен осы ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Бақтығали Ғұбайдуллинді еске алуға арналған 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнир өз мəресіне жетті. Əзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен жəне еліміздің түкпір-түкпірінен келген үш жүзге жуық палуан өзара мықтыны анықтады. Турнирді ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медальдар мен ақшалай сыйлық табыс етілді. Мұсағали ...

    Read More »

    ITTF қараша айының рейтингін жариялады

    Қазақстандық үстел теннисшісі Кирилл Герасименко ITTF рейтінгісінде тоқсан жетінші орынға көтерілді. Ол отандастарымыздың  арасынан  тұңғыш рет үздік жүздікке кірген спортшы ретінде тарихта қалмақ. Бақытбек ХАМИТ. Ұлттық Олимпиадалық комитет.

    Read More »

    Тимур Құлыбаев ҰОКҚ-ның Бас Ассамблеясына қатысты

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығының (ҰОКҚ) XXII Бас Ассамблеясына қатысып жатыр. Қарашаның 2-3 күндері әлемнің 205 елінің ҰОК  басшылары мен спорттық ұйымдардың жетекшілері, оның ішінде Халықаралық Олимпиадалық комитеттің президенті (ХОК) Томас Бах, ҰОКҚ президенті Шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабах Прага қаласында бас қосып, олимпиадалық спорттың көкейкесті мәселелерін талқылауда. Жыл сайынғы Бас Ассамблея жемісті қарым-қатынас ...

    Read More »

    Жүгірудің  денсаулыққа шипасы зор

    Әрбір спорт түрін алып қарасақ та, біссіміләсі дене құрылысын қыздырудан басталары белгілі. Турасын айтқанда, жүгірудің денсаулыққа берер  пайдасы зор екендігін жақсы білеміз. Мысалы, аты әйгілі палуан Дәулет Тұрлықанов жаттығуда аянбай тер төгу арқылы белгілі бір нәтижеге қол жеткізетінін айтады. Сондай-ақ, атақты палуан жүгірудің кәсіби спортшы үшін маңызы зор екендігін айтп келе, өзі де жаттығу алдында ұзақ қашықтыққа  жүгіргенді жақсы көретіндігін ...

    Read More »