• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 20.04.2024

    Дзюдодан АЧ: Жанарыс Рахметқали – қола жүлдегер!

    Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Жанарыс Рахметқали қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Olympic.kz. 66 келі салмақта сынға түскен ол кіші финалда командаласы Ғұсман Қырғызбаевтан басым түсті. Бұл – Жанарыс Рахметқалидың ересектер арасында жеңіп алған алғашқы медалі. Ол сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Бірінші жарыс күнінде әйелдер арасында Ғалия Тынбаева (48 кг) қола медаль иеленген болатын.

    Read More »

    Дзюдодан АЧ: Ғалия Тынбаева алғашқы медалін алды

    Ғалия Тынбаева — Гонконг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ол 48 кг дейінгі салмақтың кіші финалында отандасы Абиба Әбужақыновадан басым түсті. Осыған дейін Бішкек (2021 жыл) пен Астанада(2022 жыл) өткен құрлық додасында күміс жүлдеге ие болған Абужақынова 3 «шидо» (ескерту) алып, үздік бестікті түйіндеді. Азия чемпионы рейтингте 700, күміс ...

    Read More »

    Қазақстан байдарка және каноэде есуден алтын медаль алды

    Каноэ мен байдаркада есуден Жапонияның астанасы — Токиода өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлады Olympic.kz.  Екілік каноэден 500 метрге жарысудан аралас жұптық сында Сергей Емельянов пен Руфина Искакова жұбы чемпион атанды. Уақыт көрсеткіші — 01:57.203. Екінші  орынды Өзбекстан (02:00.105), үшінші орынды Таиланд (02:02.004) иеленді. Кешегі жарыс күнінде екі спортшы да өз дисциплиналары бойынша Париж ...

    Read More »

    Дзюдодан АЧ: Қазақстан құрамасы қола жүлдеге күш сынасады (ВИДЕО)

    Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасындағы төрт спортшы финалға шыға алмай, қола медаль үшін күш сынасатын болды.   Абиба Әбужақынова (48 кг), Нұрқанат Серікбаев (60 кг), 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев пен Жанарыс Рахметқали турнирдің жартылай финалында жеңілді. Енді олар Азия чемпиоантының қола жүлдесіне таласады. Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов ширек финалда жапониялық Тайки Накамурадан шидо саны ...

    Read More »

    42 жолдама: Нариман Курбанов Олимпиаданың лицензиясын иеленді (ВИДЕО)

    Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нариман Курбанов Париждегі Олимпиялық ойындардың лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.  Гимнастикалық ат снарядында сынға түскен Нариман Курбанов Катардың астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде төртінші орын алды. Оның жолдама жолындағы басты қарсыласы, тайпейлік Ли Чи Кай екінші орыннан көрінді. Қазақстан спортшысы жалпы есепте 70 ұпай жинап, Әлем кубогы кезеңдерін екінші орынмен ...

    Read More »

    Спорттық гимнастика: Милад Карими — Әлем кубогының иегері! (ВИДЕО)

    Катардың астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының шешуші кезеңінде ұлттық құраманың екі атлеті жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Еркін жаттығуда Олимпиада лицензиясының иегері Милад Карими (14.766 ұпай) жеңімпаз атанды. Ал Дмитрий Патанин 14.500 ұпай жинап, үшінші сатыға табан тіреді. Күміс медаль Люк Уайтхаусқа (Ұлыбритания, 14.566 ұпай) бұйырды. Бүгін Милад Карими қоссырық ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Юсуп Батырмурзаев еркін күрестен үшінші жолдаманы алып берді (ВИДЕО)

    Қырғызстанның астанасы — Бішкекте Олимпиада жолдамасы үшін еркін күрестен өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық турнирінде 97 келі салмақта сынға түсіп, жолдама алған Әлішер Ерғалидан кейін ауыр салмақтағы (125 кг) Юсуп Батырмурзаев та Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды. Аса ауыр салмақтағы балуанымыз Бахрейн өкілі Шамиль Магомедовты тізе бүктіріп, екінші рет Олимпиялық ойындарға баруға мүмкіндікке ие болды. Бұған дейін ол ширек финалда Юсуп ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Әлішер Ерғали лицензия алды (ВИДЕО)

    Қырғызстанның астанасы – Бішкекте Олимпиада жолдамасы үшін еркін күрестен өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық турнирінде Әлішер Ерғали (97 кг салмақта) мен аса ауыр салмақтағы (125 кг) Юсуп Батырмурзаев Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.  Әлішер Ерғали жартылай финалда қытайлық спортшы Абусайман Хабиладан айласын асырып, 3:2 есебімен, ал күндізгі сессияда Қырғызстанның чемпионы Андрей Ароновты айқын басымдықпен жеңді. Қазір қазақ халқы қиын-қыстау ...

    Read More »