• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    kazsports.kz

    Дзюдодан АЧ: Ғалия Тынбаева алғашқы медалін алды

    Ғалия Тынбаева — Гонконг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

    Ол 48 кг дейінгі салмақтың кіші финалында отандасы Абиба Әбужақыновадан басым түсті. Осыған дейін Бішкек (2021 жыл) пен Астанада(2022 жыл) өткен құрлық додасында күміс жүлдеге ие болған Абужақынова 3 «шидо» (ескерту) алып, үздік бестікті түйіндеді.

    Азия чемпионы рейтингте 700, күміс жүлдегер 490 ұпай алса, қола медаль алған екі дзюдошыға 350 балл қосылады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *