• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 03.06.2024

    Станислав Черчесов ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы болып тағайындалды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Черчесов футболшы кезінде «Спартак» (Орджоникидзе), «Спартак» (Мәскеу), «Локомотив» (Мәскеу), «Динамо» (Дрезден, ГФР),  «Тироль» (Инсбурк, Аустрия)  клубтарында ойнаған. Жаттықтырушы ретінде Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), «Жемчужина» (Сочи), «Терек» (Грозный), «Амкар» (Пермь), «Динамо» (Мәскеу), «Легия» (Варшава, Польша), «Ференцварош» (Будапешт, Мажарстан) командаларда жұмыс істеген. Ол 2007 жылы Мәскеудің ...

    Read More »

    Нысана көздеуші Александра Ле маусымдағы үздік нәтижесін көрсетті

    Германияның Мюнхен қаласында нысана көздеуден маусымдағы соңғы Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың спортшысы Александра Ле 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде 632 ұпаймен 12-орыннан көрінді. Оның финалға шығуына 0,6 ұпай, ал Қазақстан рекордын тіркеуіне 0,7 ұпай жетпей қалды. Александра Ле биыл наурызда Шымкентте өткен ел чемпионатында тура осыған жақын ...

    Read More »

    Қайрат Боранбаев Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

    Олимпиялық ойындардың қарсаңында Ұлттық Паралимпиада комитетінің басшысы ауысты. Осыған дейін комитеттің басшысы болған Қайрат Боранбаев қайтып ҰПК-нің президенті болып қайта сайланды. Бұл туралы Ұлттық Паралимпиада комитеті хабарлады. Комитеттің Бас ассамблеясының отырысы 31 мамырда болды. Осы жиында комитетті жаңа президентін, мекеменің тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау мен ҰПК-нің жарғысына өзгерстер мен толықтыруларды енгізу мәселесі қаралды. Отырыста Қайрат Боранбаев комитеттің соңғы төрт жылда ...

    Read More »

    Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына жақындап келеді

    Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымында украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 6:3 есебімен жеңді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Осылайша әлемнің төртінші ракеткасы қарсыласына 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола медаль үшін ойындағы кеткен есесін қайтарды. Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін ресейлік Элина Аванесянмен немесе италиялық Ясмине Паолинимен ойнайды. Теннисші Францияның ...

    Read More »

    Дзюдодан Қазақстан атынан 60 кг салмақта Олимпиадаға кім барады?

    Францияның астанасы — Парижде болатын ХХХІІІ жазғы Олимпиялық ойындарға елу бес күн қалды. Канада, Жапония және басқа да елдер Олимпиадаға қатысатын спортшыларын түгендеп, команда құрамын жариялап жатыр. Ал Қазақстан дзюдо федерациясы Парижге кімдер баратынын қашан айтады? Әлде француз мамандар кімді жіберерін біле алмай, басы қатып жүр ме? Айына 200 мың тг алатын (ресми жауап) екі француз маманы «Үйімізге қашан кетеміз? ...

    Read More »

    Боксшылар Олимпиадаға толық құраммен барады (ВИДЕО)

    Бокстан Таиландтың  Бангкок қаласында өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде еліміздің үш былғары қолғап шебері төрт жылда бір рет келетін дүрмекті додаға жолдама алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ерлер арасында 63,5 келі салмақта сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы молдовалық Александр Парасчивті 5:0 есебімен жеңіп,  Олимпиада квотасын иеленді. Осылайша, Мырзағали Айтжанов шәкірттері Олимпиадаға толық құрамда баратын болды. Қазақстан әйелдер ...

    Read More »

    Көркем жүзуден Әлем кубогында Қазақстан тағы алтын жүлде алды

    Көркем жүзуден Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан спортшыларының қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты. Виктор Друзин ерлер арасындағы еркін бағдарламада жеңіске жетті. Ол 193.7938 ұпай жинады. Күміс медальді Италия, қола жүлдені Испания спортшылары иеленді. Әйелдер арасындағы сында  Карина Магрупова төрттікке енсе, жұптық сында Ясмина Тұяқова мен Арина Пушкина 11-орында қалды. Бұған дейін Эдуард Ким техникалық бағдарламада ...

    Read More »

    Гимнасшы Дияс Тойшыбек Әлем кубогында алғаш рет жүлде алды

    Ұлттық құраманың спортшысы Дияс Тойшыбек спорттық гимнастикадан Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының Challenge Cup турнирінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол ат снарядындағы финалда 14.150 ұпай алды. Мұнда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасына қатысқан украиналық  Илья Ковтун (Украина) топ жарды. Қола жүлде хорват гимнасы Матео Жугецке бұйырды.

    Read More »