• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дзюдодан Қазақстан атынан 60 кг салмақта Олимпиадаға кім барады?

    Францияның астанасы — Парижде болатын ХХХІІІ жазғы Олимпиялық ойындарға елу бес күн қалды.

    Канада, Жапония және басқа да елдер Олимпиадаға қатысатын спортшыларын түгендеп, команда құрамын жариялап жатыр. Ал Қазақстан дзюдо федерациясы Парижге кімдер баратынын қашан айтады? Әлде француз мамандар кімді жіберерін біле алмай, басы қатып жүр ме?

    Айына 200 мың тг алатын (ресми жауап) екі француз маманы «Үйімізге қашан кетеміз? Контракт бітті ме?  Өз елімізге баратын болдық!» — деп әрі қарай Олимпиада басталатын кезде ауылдарына кетіп қалмасын.

    Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшелері Нұрқанат Серікбаев, Мағжан Шамшадин мен Елдос Сметов (60 кг) арасында белдесу өткізсе деймін. Өйткені, дзюдо жанкүйерлері мен жерлестері, туыстары ешкімге ренжімеу үшін Серікбаев  — Шамшадин — Сметов үшеуі өз ара күресіп, жеңгені Парижге барсын.

    Белгілі жаттықтырушылар Қален Қалиұлы, Марат Хамза, Сергей Раков неге ұлттық құрама командасына кірмей келеді? Неге шетелдегі жарыстарға шәкірттерімен бірге бармайды? Олар өз елімізде өгей сияқты болып жүр. Сонда сіздердің мақсаттарыңыз не?

    Алып келген француз мамандарыңыз қазақ балаларынан бірде-бір әлем және Азия чемпионын шығара алмады. Онсыз да, естіп жүрміз, тәжірибелі дзюдошылар француздардан жалығып кеткен. Ал құрамаға жаңадан келгендерге Францияның азаматтары әйтеуір бірдеңе үйретіп жатқандай болады. Кейін олардың да ығыры шығуы мүмкін.

    Бізге нәтиже керек, нәтиже!

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    Маңғыстау облысы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *