Түркістан облысының спортшылары өткен айда өте жақсы өнер көрсетті. Атап айтсақ, Шри-Ланканың Коломбо қаласында жастар арасында өткен Азия чемпионатында 8 алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мысалы, ескек есуден Қытайда өткен Азия чемпионатында үш алтын жүлдені иеленді. Сонымен қатар Астана қаласында пара дзюдодан ұйымдастырылған әлем чемпионатында екі спортшы алтыннан алқа тағынды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров ...
Read More »Daily Archives: 03.06.2025
Түркістанда Мұхтархан Ділдәбековтың жүлдесі үшін халықаралық бокс турнирі басталды (ФОТО)
Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде бокстан Сидней Олимпиадасының және әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, Бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Қобыланбекұлы Ділдәбековтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы XIII халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Іс-шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп пен Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов ...
Read More »Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Грекияда жеңіске жетті
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Грекияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Спортшы биіктікке секіру сайысында топ жарды. Овчинникова 190 сантиметр нәтижесін көрсетті. Отандасымыз Гумиде өткен Азия чемпионатында дәл осы көрсеткішпен бірінші орын алар еді. Алайда, ол жарысқа қатысушылар құрамына кірмеді, — делінген хабарламада. Екінші орынды жергілікті спортшы Татьяна Гкусин ...
Read More »«Ролан Гаррос»: Анна Данилина ширек финалға шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге үшінші айналымда «Үлкен дулыға» додасының 5-ракеткалары, америкалық Айша Мұхаммад пен нидерландылық Деми Схурспен күш сынасты. Матчты қазақстандық-сербиялық дуэт қос брейкпен сәтті бастады. Есеп — 3:0. Бұдан кейін Мұхаммад пен Схурс қайыра брейк жасағанымен, Данилина мен Крунич ...
Read More »«Ролан Гаррос»: Бублик тағы да сенсация жасады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик теннистен Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол төртінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, Ұлыбританияның 23 жастағы спортшысы Джек Дрейпермен ойнап, оны айқын басымдықпен жеңді. Осыған дейін қарсыластар үш рет ойнап, соның екеуінде Дрейпер жеңген еді. Ал мына үшінші ойында олар топырақ төсенішінде алғаш рет ойнады. ...
Read More »