• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Түркістан облысының әкімі Азия чемпиондарына құрмет көрсетті

    Түркістан облысының спортшылары өткен айда өте жақсы өнер көрсетті. Атап айтсақ, Шри-Ланканың Коломбо қаласында жастар арасында өткен Азия чемпионатында 8 алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Мысалы, ескек есуден Қытайда өткен Азия чемпионатында үш алтын жүлдені иеленді. Сонымен қатар Астана қаласында пара дзюдодан ұйымдастырылған әлем чемпионатында екі спортшы алтыннан алқа тағынды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстанның Әнұранын шарықтатқан осы спортшыларды қабылдап, құрмет көрсетті.

    Сіздер халықаралық деңгейде ел намысын лайықты қорғап, Қазақстанның көк байрағын биікте желбіретіп, Түркістанның абыройын көтердіңіздер. Осы жетістіктеріңіз – президент тапсырмасының нақты орындалып жатқанынның айқын дәлелі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауында «Спорт – ұлт денсаулығы мен жас ұрпақтың болашағына салынған инвестиция. Біз жас таланттарды қолдауға және спорт инфрақұрылымын дамытуға баса мән беруіміз керек» деп атап өткен болатын. Облыста осы бағытта тиісті жұмыстар жүруде. Жыл сайын жаңа спорт нысандары салынып жатыр. 2024 жылы 73 спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 2025 жылы тағы 51 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Біз, облыс басшылығы, спортшыларға және олардың жаттықтырушыларына барынша қолдау көрсетіп келеміз және бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Алдағы жарыстарда да жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін.  Түркістаннан әлі талай чемпиондар шығады деп сенеміз! – деген Нұралхан Көшеров спортшыларды арнайы марапаттап, қаржылай сыйақы тапсырды.

    Кездесуде даңқты бокс жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, бокстан Азия чемпионы Шұғыла Нәлібай мен ескек есуден Азия чемпионы Артём Терещенко сөз сөйлеп, спорт саласына қолдау көрсеткен облыс басшылығына ризашылықтарын білдірді. Алдағы байрақты жарыстарда жеңісті жолды жалғастыруға күш салатындарын жеткізді.

    Түркістан облысында спорт саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқарылуда. Өңірде спорт нысандарының саны артуда. Қазір Түркістанда халықаралық талапқа сай атшабар мен ескек есу каналының құрылысы жүріп жатыр.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *