• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 13.06.2025

    Әбиба Әбужақынова — дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

    Әбиба Әбужақынова 48 келі салмақта дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Мажарстанның астанасы — Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында отандасымыз Италия спортшысы Ассунта Скуттоға есе жіберді. Осылайша Әбиба Әбужақынова финалға дейін жетіп, отандық дзюдо тарихында әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған тұңғыш қазақ қызы атанды. Спортшылар 2023 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде ...

    Read More »

    Қазақстан Мәскеуде академиялық есуден үш медаль алды

    Ресейдің астанасы – Мәскеу қаласында академиялық есуден өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы үш жүлдеге ие болды. Әйелдер арасында LW1x санатында (2000 метр) Мария Чернец 8:37.35 уақыт көрсеткішімен қола жүлдені жеңіп алса, спринт жарысында (500 метр) Иван Чернухин мен Владислав Яковлев 1:35.27 нәтижемен күміс жүлдені иеленді. Осы бағдарламада Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников 1:40.71 уақытпен үшінші орынға шықты.   Дастан КЕНЖАЛИН, ...

    Read More »

    Гимнаст Дарья Ясинская Азия чемпионатының екі финалына шықты

    Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында әйелдердің спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты басталды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Дарья Ясинская екі финалға шықты. Ол енді еркін және қол тіреп секіру жаттығулары бойынша жарысқа қатысады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Теннисші Анна Данилина Лондон турнирінің жартылай финалына жолдама алды

    Теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның астанасы – Лондон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы Queen’s Club Championships турнирінің жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда ресейлік Диана Шнайдермен бірге австралиялық Сторм Хантер мен америкалық Дезире Кравчик дуэтін жеңді. Матч екі сетке созылып, 7:6, 6:4 есебімен аяқталды. Жартылай финалда Анна Данилина мен Диана Шнайдер австралиялық Эллен Перес пен қытайлық Чжан Шуаймен ойнайды.   ...

    Read More »