• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 06.08.2025

    Қазақ күресі ұлттық идеологияның алаңына айналды

    Семей қаласындағы «Абай Арена» спорт кешені төрт күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген апайтөс балуандардың айқасына куә болды, деп хабарлады Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан кубогы – биылғы ұлттық спорт күнтізбесіндегі ең тартысты жарыстардың бірі болды. Алаш арыстарының ізі қалған, хакім Абайдың қаны тамған қасиетті топырақта ұлттық күресіміздің туы қайта желбіреді. Бұл додаға еліміздің барлық өңірінен ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: Дастан Сәтпаев «Қайратқа» жеңіс әперді (ВИДЕО)

    Алматының «Қайрат» клубы футболдан UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде Словакияның «Слован» командасымен ойнап, жеңіске жетті. Матч басталысымен командалар бір-бірінің қақпасына тез гол соғуға тырысты. Әсіресе, алаң иелері қонақтардың қақпасына лап қойды. «Слованның» ойыншылары да қарап қалмай, «Қайратқа» шабуыл жасап, есепті бірінші ашқысы келді. Алайда, онысынан ештеңе шықпады. «Қайраттың» да шабуылдары өңбеді. Екінші таймда алаң иелері алаңның барлық жерінде басымдық ...

    Read More »

    World Boxing: Азия чемпионатында бес боксшымыз финалға шықты

    World Boxing аясында Таиландтың астанасы — Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатында ұлттық құрама команданың бес боксшысы финалға шықты. Әуелі Нұрислам Қалдыбаев (60 кг) Бутанның боксшысы Дечен Дорджиді уақытынан бұрын жеңсе, Илья Калинин (65 кг) Филиппиннің өкілі Марк Эшли Фаджардомен шаршы алаңға шықпай жатып, финалға жолдама алды. Оның қарсыласы  жекпе-жектен бас тартты. 70 кило салмақтағы Нұрбек Мұрсал болса, ...

    Read More »

    Украина теннисшісі Рыбакинамен ойнаудан бас тартты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ширек финалда әлемнің 28-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен ойнады. Осыған дейін қарсыластар үш рет кортқа шығып, соның екеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина айқын басымдылық танытты. Есеп 6:1 болды. Екінші сетте есеп 2:1 болған кезде ...

    Read More »