Үндістаннның Ахмедабадад қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзуден төртінші алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан құрамында Наргиза Болатова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Ясмин Тұяқова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова мен Валерия Столбунова өнер көрсетіп, командалық сында үздік шықты. Қазақстан 221.9525 ұпай жинаса, екінші орынды 210.5775 Таиланд ...
Read More »Daily Archives: 06.10.2025
III ТМД елдері ойындары: каратэден Қазақстан құрамасы қоржынға 3 алтын медаль салды
Әзербайжанда өтіп жатқан III ТМД елдері ойындарында Қазақстан спортшылары тағы 8 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бүгін Мингячевир қаласында каратэшілер 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлдемен жарысты аяқтады. Дархан Теміралиев (-60 кг), Айжан Бәкірова (-61 кг) мен Диас Анарбеков (+84 кг) алтын жүлде алса, күміс медальді Асылай Савидова ...
Read More »Дана Әбдірова мен Алан Құрманғалиев — жүлдегер!
Перудің астанасы Лима қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Дана Әбдірова күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ол әйелдер арасында финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде жапониялық Мио Широканеге есе жіберді. Әлем чемпионаты 8 қазанда аяқталады. Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің ...
Read More »Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды
Теннисші Заңғар Нұрланұлы Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыста ол бірінші нөмірлі спортшы ретінде тіркелді. Финалда Заңғар Нұрланұлы кореялық Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Турнир отандасымыз қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ. Бұл жеңіс Заңғар Нұрланұлының ITF Juniors аясындағы жекелей сындағы алтыншы титулы болды. Бұған дейін ол J100 ...
Read More »