• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Гимнастика

    Гимнаст Айбота Ертайқызы Гран-приде екі жүлде алды

    Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңінде жүлдеге ие болды. Спортшы екі күміс медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Ертайқызы ұршықтармен орындалатын жаттығуда (28,100 ұпай) және таспамен орындалатын жаттығуда (28,050 ұпай) екінші орынға ие болды. Сондай-ақ ол көпсайыста бесінші нәтиже көрсетті.   Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА  

    Read More »

    Гимнаст Нариман Курбанов Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды

    Олимпия ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Францияның Париж қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде жеңімпаз атанды. Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында 15,066 ұпай жинап, жеңіске жетті. Екінші орынды армениялық Гамлет Манукян иеленді. Оның ұпай саны — 14,800. Үшінші орынға италиялық Габриэле Таргетта 14,733 ұпаймен ие болды. Зейнолла Ыдырысов 14,633 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді.   Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА

    Read More »

    Көркем гимнгастикадан ӘЧ: Ақмарал Ерекешева екі дүркін әлем чемпионы атанды

    Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында Болгарияның астанасы — София қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір алтын медальді жеңіп алды.  Ол чемпионаттың іріктеу кезеңінде үш сайыстан финалға жолдама шығып, жүлдегер қатарынан көрінді. Ерекешева доппен және лентамен жаттығуда алтын жүлдені жеңіп алса, шеңбермен жаттығуда күміс жүлдені иеденді. Ал бұған дейін хабарлағанымыздай, ел құрамасынан сынға түскен тағы бір гимнастымыз Айғаным Рысбек ...

    Read More »

    Көркем гимнастикадан ӘЧ: Ақмарал Ерекешева тарихи жүлдені жеңіп алды

    Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында Болгарияның астанасы — София қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында құрмет тұңырының ең биік сатысына көтерілді. Ол үш бірдей финалға бірінші орынмен шығып, оның екеуінде жүлдеге ие болды. Гимнаст доппен көрсеткен өнері үшін 26.150 ұпай жинап, әлем чемпионы атанса, шығыршықтағы жаттығуда 26.950 ұпаймен күміс жүлдені жеңіп алды. Енді ол таспамен сайысқа түседі. Сондай-ақ ел құрамасы ...

    Read More »

    Challenge Cup: Қазақстан спорттық гимнастикадан үш медаль алды

    Ташкент қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінде ұлттық құраманың үш спортшысы құрмет тұғырының ең биік сатысына  көтерілді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қоссырық жаттығуының финалында Ильяс Азизов күміс (13.100 ұпай), тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин қола жүлдегер (12.700 ұпай) атанды. Бұл жаттығуда жарыс иесі Акрорхон Темірхонов 13.550 балл жинап, топ жарды. Әйелдер арасында бөрене ...

    Read More »

    Гимнаст Дарья Ясинская Азия чемпионатының екі финалына шықты

    Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында әйелдердің спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты басталды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Дарья Ясинская екі финалға шықты. Ол енді еркін және қол тіреп секіру жаттығулары бойынша жарысқа қатысады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Спорттық гимнастикадан АЧ: Қазақстан ерлер командасы үш алтын жүлде алды

    Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан жасөспірімдер мен ерлер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан командасы үш жарыс күнінде жеті жүлдеге ие болды. Оның үшеуі алтын, екеуі күміс, екеуі қола медаль. Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда ешкімге дес бермей, чемпион атанды. Ол финалда әлемдегі ең ...

    Read More »

    Тағы бір алтын жүлде! Қазақстан спорттық гимнастикадан үздік нәтиже көрсетті

    Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында еліміздің қоржыны тағы бір алтын медаль және күміс жүлдемен толықты. Азия чемпионатында Қазақстан жасөспірімдері финалдық жарыста үш медаль жеңіп алды. Роман Хегай мен Нұртан Ыдырысов ат снарядындағы жаттығуда өнер көрсетті. Хегай төрешілердің шешімімен 13.800 ұпай жинаса, Ыдырысов 12.866 ұпайды қалтасына басты. Үшінші орынды жапониялық Харутоши Очаи 12.666 ұпаймен алды. Сонымен ...

    Read More »

    Нариман Курбанов тағы да Азия чемпионы атағын жеңіп алды

    Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Нариман Курбанов өзінің оң жамбасына келетін тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда топ жарды. Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері финалда 14.933 ұпай жинады. Күміс жарыс қожайыны Ван Хурдың (14.633 балл), қола Вьетнам өкілі Дан Хуан Тиенге ...

    Read More »

    Милад Карими еркін жаттығуда Азия чемпионатының күміс медалисі атанды

    Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Милад Карими спорттық гимнастикадан Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол еркін жаттығудың финалында 14.400 балл жинады. Бұл сында Париж Олимпиадасының чемпионы Карлос Эдриэль Юло (Филиппин) чемпион болды. Филиппин өкілі 14.600 ұпай алса,  Оңтүстік Корея гимнасы Мун Гён Ён (14.033 балл) үшінші орынға шықты. Дмитрий Патанин финалда 13.833 ұпаймен, төртінші орында қалып ...

    Read More »