• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Олимпиада

    Головкин ХОК комиссиясының құрамына кірді

    Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық Олимпиада комитеті Olympism 365 комисиясының мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлады Olympic.kz. Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах Қазақстан ҰОК-ке ресми хат жазып, хабардар етті. Сізді комиссия мүшесі етіп тағайындау мен үшін үлкен мәртебе. Сізге комиссия жұмысына қосатын үлкен үлесіңіз үшін алдын ала алғыс білдіремін, – делінген хатта. Комиссияларды ХОК президенті Томас Бах жасақтайды. ...

    Read More »

    Олимпиадада күрестен алғаш рет еліміздің атынан екі төреші қызмет етеді

    Бүкіләлемдік күрес одағы Олимпиадаға 50 төрешіні таңдады. Соның ішінде дүниежүзінің кұрес түрлерінен өтетін жарыстарда көпшілікке жақсы таныс екі төрешіміз бар. Олар: Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай. Игорь Лигай осыдан үш жыл бұрын Токиода өткен Олимпиялық ойындарда төреші ретінде қызмет атқарған.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Триатлоншы Екатерина Шабалина Олимпиаданың лицензиясын алды

    Бүгін триатлоннан ұлттық құрама қоржынына Париж Олимпиадасының жолдамасы түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Халықаралық триатлон федерациясы ресми түрде Азия құрлығында қалған жалғыз квотаны Екатерина Шабалинаның алғанын растады. Спортшы жолдамаға New Flag санатында ие болды. Мұнда әлем рейтингінде 180-орынға дейін кіретін спортшылардың жинаған ұпайлары бөлек есептеліп, түзіледі. Екатерина Шабалина Гонконг өкілі Бэйли Браунды артта қалдырды. Ерлер ...

    Read More »

    Анна Нұрмұхамбетова елге Олимпиаданың күміс жүлдесімен оралды

    Бүгін Астанаға Перудің Лима қаласынан Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Анна Нурмухамбетова мен Словенияның астанасы — Люблянада брейкингтен өткен әлем чемпионатында жүлдегер атанған Әмір Қылышбаев (алтын) пен Әмір Амангелді (қола) келді. Анна Нұрмұхамбетоваға күміс медальді жасөспірімдер арасында Перудің астанасы – Лима қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында табыс етілді. Ал Әмір Қылышбаев пен Әмір Амангелді Словенияда аяқталған әлем чемпионатында жүлдеге ие ...

    Read More »

    Боксшы Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Бокстан Таиландта өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол 75 келі салмақта украиналық Каролина Махноны 5:0 есебімен жеңді. Осылайша, ол Римма Волосенконың ізін ала турнирдің екінші айналымына шықты. Таиландтағы іріктеу турнир 3 маусымда аяқталады. Валентина Хальзованың келесі қарсыласы  — моңғолиялық боксшы Эденетуя Энхбаатар. Жекпе-жек 1-маусымға жоспарланған. Ал 28 мамырда шамамен сағат 11:45-те 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр ...

    Read More »

    Олимпиаданың күміс медалін алатыныма сенбедім – Анна Нұрмұхамбетова

    2012 жылы ауыр атлетикадан Ұлыбританияның астанасы – Лондон қаласында өткен жазғы Олимпиялық ойнындарда бесінші орын алған отадасымыз Анна Нұрмұхамбетова араға 12 жыл салып, Олимпиаданың күміс жүлдесіне ие болды. Оған Олимпиаданың күміс медалі Перудың астанасы — Лимада спорттың осы түрінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында салтанатты түрде табыс етілді. Еске сала кетсек, 2012 жылғы Олимпиадада Анна Нұрмұхамбетова 69 келіге дейінгі ...

    Read More »

    Дзюдошы Сара Леони Сизик Олимпиадаға қатысады

    Биыл — Олимпиада жылы. Өз жерінде болатын Париж Олимпиадасына француз дзюдошылары да қатысады. Осы жарыста 25 жастағы Сара Л.Сизик те алтын жүлде алуы мүмкін. Былтыр Grand Slam Astana-2023 турниріне 42 елден 334 дзюдошы келіп қатысқан еді. Онда 57 келіде француз спортшысы С.Леони Сизик жеңімпаз атанды. Сол кезде Сизикпен танысып, біраз сұрақтың астына алдым. Биыл өткен сайыстарда C.Л. Сизик Grand Slam ...

    Read More »

    ШЫҰ-ға мүше елдердің өкілдері Олимпиадалық даярлау орталығымен танысты (ВИДЕО)

    Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты басшылары Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Кездесуде туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, Ресей Федерациясы, Иран Ислам Республикасы, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан мен Үндістанныңтуризм және спорт министрлері мен өкілдеріне орталықтың жұмысы мен қызметі туралы айтып берді. Олимпиадалық ...

    Read More »

    Бокстан ұлттық құрама Олимпиадаға іріктеу турниріне аттанды

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасы Олимпиада жолдама беретін соңғы іріктеу турниріне аттанды. Бұл турнир 24 мамыр мен 2 маусым аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өтеді. Оған ерлер командасынан 1, әйелдер құрамасынан 4 боксшы квотаға таласады. Ерлер арасында 63,5 келі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шаршы алаңға шығады. Әйелдер арасында Назым Қызайбай (50 кг), Ұлжан Сәрсенбек (54 кг), Наталья Богданова (66 кг) мен Валентина ...

    Read More »

    Қазақстан Олимпиаданың Азияда қалған жалғыз жолдамасына таласады

    16-27 мамыр аралығында Өзбекстаның астанасы — Ташкентте спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының жалауы көтеріледі, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Оған Қазақстан атынан Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ілияс Азизов, Диас Тойшыбек пен Фарух Набиев қатысады. Қазір Қазақстан құрамасы сапынан Нариман Курбанов пен Милад Карими Париж Олимпиадасының жолдамасын алып отыр. Ал қалған гимнасшыларымыз құрлыққа берілген жалғыз лицензияға ...

    Read More »