• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Шаңғы

    Тараздан шыққан талант: Бекарыс Атыбектің жарыстарға дейінгі жолы

    Шаңғы қоссайысшысы   Бекарыс Атыбек елде өнер көрсетіп, құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрініп жүрген талантты спортшы. Ол Финляндия, Норвегия, Польша мен Ресейде жалауы көтерілген жарыстарға қатысып, көзге түскен. Қазір Тараз қаласынан шыққан спортшы ұлттық құрама деңгейіне дейін көтеріліп, FIS және Continental Cup жарыстарына қатысып жүр. Бұл деңгейде Скандинавия мектептері мен қысқы спорт түрлерінің ең мықты өкілдері басымдыққа ие. Шаңғы қоссайысында ...

    Read More »

    Сайыпқыран. Бекарыс Атыбек — болашағынан зор үміт күттіретін шаңғышы

    Бүгін «Сайыпқыран» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Қазіргі таңда елімізде қысқы спорт түрлеріне қызығушылық артып келеді. Жас спортшылар ел намысын халықаралық ареналарда таныту үшін аянбай еңбектенуде. Солардың ішінде ерекше көзге түсетіні — талантты спортшы Бекарыс Ерданұлы Атыбек. Бекарыс Ерданұлы 2003 жылдың 4 сәуірінде Жамбыл облысы Тараз қаласында туған. Бала кезінен спортқа, әсіресе трамплиннен секіру — батылдық пен техника талап ететін қиын ...

    Read More »

    Үлкен спорттағы шындық

    Жақында белгілі шаңғышы Мағжан Аманкелдіұлымен сұхбаттасудың сәті түсті. Ол халықаралық жарыстарда қысқы спорт түрлерінен  ел намысын қорғап, талай сындардан сүрінбей келе жатқан жас спортшы.  Мағжан жастайынан қысқы спортты өзіне серік етіп,  биылға дейін елішілік турнирлер мен халықаралық дүрмекті додаларға қатысып, құрмет тұғырының ең биік сатысына шығып отыр. Жарыста жеңімпаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол көп еңбекті талап етеді. ...

    Read More »

    Сайыпқыран. Мәреде – Мағжан!

    Бүгін «Сайыпқыран» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Бүгінгі мақаланың кейіпкері халықаралық жарыстарда қысқы спорт түрлерінен  ел намысын қорғап, талай сындардан сүрінбей келе жатқан жас спортшы -Мағжан Аманкелдіұлы. Мағжан жас болса да бас бола білетінін көптеген жарыстарда көрсетіп, дәлелдеп келеді. Ол биылға дейін елішілік турнирлер мен халықаралық дүрмекті додаларға қатысып, құрмет тұғырының ең биік сатысына шығып отыр. Спортшы қалалық кубок үшін жарыстан ...

    Read More »

    Қазақстан жарысты қысқы және жазғы спорттан жақсы бастады

    Польшаның Щирк қаласындағы шаңғымен тұғырдан секіруден Orlen Cup халықаралық турнирі спортшыларымызға олжалы болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. К-95 трамплинінде сынға түскен Данил Васильев топ жарса, Илья Мизерных күміс медальға ие болды. Данил Васильев – 277 ұпай Илья Мизерных – 269 Клеменс Сташель – 259,5 Сабыржан Муминов – 253 Сергей Ткаченко – 246,5 16.Святослав Назаренко – ...

    Read More »

    Сайыпқыран: Үш жарыста – үш қола жүлде!

    Садақ атудан Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Компаунд, құралмалы садақ бағдарламасы бойынша Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова бастаған командамыз қола жүлде үшін таласта Ұлыбританияны 232:228 есебімен жеңді. Осыған дейін ел тарихында 1993 жылы классикалық садақ атудан әйелдер сайысында Яна Туниянц ...

    Read More »

    Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогында қола жүлдегер атанды

    Финляндияда пара биатлоннан өтіп жатқан Әлем Кубогының кезенінде пара спортшы Ербол Хамитов (LW12) 7,5 км спринттік жарыста 23:26.00 уақыт нәтижесімен қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК. Мәреге бірінші болып Қытай спортышысы LIU Zixu 22:38.05 секунд нәтижесімен келсе, оның отандасы LIU Mengtao 22:58.07 ...

    Read More »

    Шаңғымен тұғырдан секіру: Данил Васильев алғаш рет FIS Кубогын жеңіп алды  

    Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы үшін турнир болып жатыр. Үлкен трамплиннен секіруде (Large Hill HS 140) отандасымыз Данил Васильев алтын медаль жеңіп алды. Бұл – FIS кубогының ересектер арасындадағы отандық шаңғымен тұғырдан секіру тарихындағы алғашқы жеңіс. Сонымен қатар осы жарыста бақ сынаған Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерн 15-орынға ие болды. Жарыс бүгін аяқталады. Оған 13 ...

    Read More »

    XX-қысқы Сурдлимпиада: шаңғышылар жүлдеге бір қадам жетпей қалды

    Түркияның Эрзурум қаласында 2-12 наурыз аралығында өткен XX-қысқы Сурдлимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Төрт жылда бір рет өтетін дүрмекті додаға 36 мемлекеттен 1 000-нан астам спортшы өнер көрсетті. Оған Қазақстаннан шаңғы жарысы, сноуборд және шахмат спорт түрлерінен 26 спортшы қатысты. Бұған дейін хабарланғандай, қысқы ойындарда Қазақстан ерлер құрама командасы клаcсикалық шахматтан қола медаль жеңіп алды. Жарыста құраманың шахматшылары Италия, Германия, Сербия ...

    Read More »

    XX-қысқы Сурдлимпиада: Қазақстан шахматтан қола жүлде алды

    Түркияның Эрзурум қаласында өтіп жатқан XX-қысқы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық шахматтан 10 ұпай жинап, қола медальға ие болды. Ал жарыстың алтын жүлдесін 12 ұпай жинаған Хорватияның спортшылары жеңіп алды. Күміс медаль 11 ұпай жинаған Польша командасына бұйырды. Ұлттық құрама сапында Сұлтан Қожахметов, Самажан Кеттебеков, Максим Рожков, Амангелді Наурызғалиев, Мейірман Пернеев пен Виктор Максименко ойнады. Классикалық шахматтан жарыс ...

    Read More »