• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қоғам

    Health Resort by Qazwell: халықаралық әлеуеті бар сауықтыру курорттарының бірыңғай желісі

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты санаторийлік-курорттық ұйымдар Health Resort by Qazwell бірыңғай бренді аясында жұмыс істейді. Желі құрамына Бурабайдағы «Оқжетпес» шипажайы, Алматыдағы Almaty Resort және Ессентуки қаласындағы «Қазақстан» шипажайы, сондай-ақ Ыстықкөл жағалауында салынып жатқан «Қазақстан» шипажайы кіреді. Бірыңғай тұжырымдама санаторийлік-курорттық емдеудің көпжылдық дәстүрлерін, табиғи факторларды, заманауи медициналық технологиялар мен халықаралық қызмет көрсету стандарттарын біріктіреді. Health Resort by ...

    Read More »

    Луиш Нани көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады

    Футболдан «Ақтөбе» клубының жартылай қорғаушысы Луиш Нани «Харекет» қоғамдық қайырымдылық қорының әлеуеметтік жобасының аясында қайырымдылық акциясына қатысып, көпбалалы отбасыға жаңа пәтер сыйлады. Ол пәтердің кілтін Орталық стадионда табыс етті. Бұған дейін португалиялық футболшы жалдамалы пәтерде тұрып келген ата-анамен және олардың алты баласымен кездескен еді. Сол кездесуде белгілі болғандай, отағасы отбасын асырау үшін демалыссыз еңбек етсе, анасы денсаулығына байланысты ауыр жұмыс істей алмаған. Стадионда ...

    Read More »

    Көңіл көңілден су ішеді

    Ең көне дене шынықтыру-спорт қоғамы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына жыл сайын белсенді түрде қатысып келеді. Бүгін айналаға үлгі болатын іс-шара «Динамо» ДШСҚ қоғамдық бірлестігінің шаңырағында болып, балалар шад-шадыман көңіл-күймен мектептеріне аттанды. Бұл жолы Төтенше жағдайлар министірлігі қызметкерлерінің отбасыларына ерекше көңіл бөлінді. Қоғамның Алматыдағы «Динамо» стадионында Төтенше жағдайлар министірлігі қызметкерлерінің аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан ондаған бірінші сыныпқа баратын ...

    Read More »

    Белгілі жаттықтырушы Нұрсұлтан Орынбасаров сайлауда өз таңдауын жасады

    ММА шебері Нұрсұлтан Орынбасаров Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округіндегі №1058 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді. Нұрсұлтан Орынбасаров – С.Нұрмағамбетов атындағы «Сағадат батыр» спорт клубының негізін қалаушы, грепплингтен Азия чемпионы, джиу-джитсудан республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Спортшы жеңістің артында тәртіп, табандылық пен жауапкершілік тұрғаны секілді, ел болашағына қатысты маңызды қадамдарда да азаматтық жауапкершіліктің орны ерекше екенін айтты. «Спортта ...

    Read More »

    Алматы облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаров референдумда дауыс берді

    Бүгін Алматы облыстық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Жұмабайұлы Орынбасаров пен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері, лейтенант Сара Бақтыбайқызы Рахмонова жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысты. Облыстық мәслихат депутаты Іле ауданы, Мұхаметжан Түймебаев ауылындағы «Келешек» мектебінің ғимаратында орналасқан №1058 дауыс беру учаскесінде таңдау жасады. Спорт пен мемлекеттік қызметті қатар алып жүрген танымал жұп сайлау учаскесіне бір жасар қыздары Томиристі ерте ...

    Read More »

    Әли Алпысбаевтың 70 жас мерейтойына арналған музыкалық кеш

    Қазақконцерт танымал композитор, дирижер, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әли Демегенұлы Алпысбаевтың 70 жас мерейтойына арналған музыкалық кеш өткізеді, деп хабарлады «Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы» МКҚК. Концерттік бағдарламада композитордың «Алаш елі», «Төсбұлақ» күй-поэмалары, «Әке», «Аққуым болып оралдың ба?», «Жұлдыз — ғұмыр», «Аман болшы, жан ана», «Бақыт вальсі», «Махаббат вальсі», «Қазақ елі» әндері мен басқа да туындылары орындалады. Іс-шараға ...

    Read More »

    «Үздік – 2025» сыйлығының лауреаттары анықталды

    Туризм және спорт министрлігі биылғы жылдың қорытындысы бойынша спорт саласындағы үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, мамандарды, спорт ұйымдары мен сала өкілдерін марапаттау мақсатында «Үздік – 2025» республикалық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімін өткізді, деп хабарлады аталған ведомство. Конкурстық комиссия шешімімен «Жылдың үздік спортшысы» аталымы бойынша әйелдер боксынан екі дүркін әлем чемпионы және Әлем кубогының күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова, грек-рим күресінен биылғы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген ...

    Read More »

    Мбаппе мен ПСЖ-ның соты: 60 млн еуродан астам өтемақы төленеді

    Францияның ПСЖ клубының бұрынғы шабуылшысы Килиан Мбаппе Париж қаласының командасын сотқа беріп, жеңіп шықты. Сот үкімі бойынша, ПСЖ футболшыға жалақының өтемі ретінде 61 миллион еуро төлеуі тиіс. The Guardian деректеріне қарағанда, осыдан бір ай бұрын Мбаппе ПСЖ-дан 263 миллион еуро өтемақы талап еткен еді. Бұл сомаға ойыншының келісімшарт аяқталғаннан кейін төленбеген жалақысы мен сыйақысы, сондай-ақ командадағы қарым-қатынасына байланысты өтемақы кіреді. ПСЖ ...

    Read More »

    Білімді мыңды жығады

    Жуырда Алматы облысы Іле ауданы Өтеген кентінде орналасқан №13 Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектептің қабырғасында тартымды, тағылымы зор кездесу болды. Кештің құрметті қонағы Қазақстанның Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, журналист, жазушы, Желтоқсан қанды көтерілісінің қаhарманы Ақын Ордабайұлы еді. Осындай келелі кездесуге ұйытқы болған айтулы мектептің директоры Аяулым Жақашбайқызы Керімқұлова кездесу кешінің жақсы өтуіне бар жағдайды туғызыпты. Мектептің ішіндегі акт ...

    Read More »

    «Ұлы Жібек жолының жаңғыруы» халықаралық көрмесі

    Алматыдағы «Атакент» іскерлік орталығындағы «Бақшарасайда» «Ұлы Жібек жолының жаңғыруы» халықаралық көрмесі өтті. Өндірістің барлық саласын қамтитын және іскерлік орта өкілдерінің ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бұл шараға Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің барлығы дерлік қатысты. Ол алдағы уақытта дәстүрлі түрде әр елде өз жалғасын таппақ. Еуразия елдерінің мәдени, тарихи, қолөнер және  туристік әлеуетін біріктіруге арналған бұл шараны елімізде Қазақстанның  туризм индустриясы ұлттық қауымдастығы ...

    Read More »