• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем кубогы

    Ербол Хамитов Әлем кубогында тағы бір медаль алды

    Польшаның Якушице қаласында тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында өтіп жатқан пара шаңғы жарысынан Әлем кубогының кезеңінде Ербол Хамитов (LW12) 6 км қашықтықты 18 минут 24 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдаорға арналған сплрттық даярлау орталығы» РМҚК. Алтын жүлдені Италияның спортшы ...

    Read More »

    Пара биатлоннан Әлем кубогы: Ербол Хамитов — қола жүлдегер!

    Пара биатлоннан өткен  Әлем кубогында Ербол Хамитов 12,5 км қашықтықты 38 минут 21  секундта жүріп, қола жүлдеге ие болды. Осы дистанцияда бірінші орынды украиндық спортшы Тарас Рад (37:08), ал  екінші  орынды  АҚШ спортшысы Пайк Аарон (38:16) алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Пара биатлонан Әлем кубогы Польшадағы Якушице қаласында 22-25 қаңтар аралығында болды. Оған Қазақстан, Канада, Ұлыбритания, Бразилия, Испания, ...

    Read More »

    Тараздан шыққан талант: Бекарыс Атыбектің жарыстарға дейінгі жолы

    Шаңғы қоссайысшысы   Бекарыс Атыбек елде өнер көрсетіп, құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрініп жүрген талантты спортшы. Ол Финляндия, Норвегия, Польша мен Ресейде жалауы көтерілген жарыстарға қатысып, көзге түскен. Қазір Тараз қаласынан шыққан спортшы ұлттық құрама деңгейіне дейін көтеріліп, FIS және Continental Cup жарыстарына қатысып жүр. Бұл деңгейде Скандинавия мектептері мен қысқы спорт түрлерінің ең мықты өкілдері басымдыққа ие. Шаңғы қоссайысында ...

    Read More »

    Сайыпқыран. Бекарыс Атыбек — болашағынан зор үміт күттіретін шаңғышы

    Бүгін «Сайыпқыран» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Қазіргі таңда елімізде қысқы спорт түрлеріне қызығушылық артып келеді. Жас спортшылар ел намысын халықаралық ареналарда таныту үшін аянбай еңбектенуде. Солардың ішінде ерекше көзге түсетіні — талантты спортшы Бекарыс Ерданұлы Атыбек. Бекарыс Ерданұлы 2003 жылдың 4 сәуірінде Жамбыл облысы Тараз қаласында туған. Бала кезінен спортқа, әсіресе трамплиннен секіру — батылдық пен техника талап ететін қиын ...

    Read More »

    Үлкен спорттағы шындық

    Жақында белгілі шаңғышы Мағжан Аманкелдіұлымен сұхбаттасудың сәті түсті. Ол халықаралық жарыстарда қысқы спорт түрлерінен  ел намысын қорғап, талай сындардан сүрінбей келе жатқан жас спортшы.  Мағжан жастайынан қысқы спортты өзіне серік етіп,  биылға дейін елішілік турнирлер мен халықаралық дүрмекті додаларға қатысып, құрмет тұғырының ең биік сатысына шығып отыр. Жарыста жеңімпаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол көп еңбекті талап етеді. ...

    Read More »

    Сайыпқыран. Мәреде – Мағжан!

    Бүгін «Сайыпқыран» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Бүгінгі мақаланың кейіпкері халықаралық жарыстарда қысқы спорт түрлерінен  ел намысын қорғап, талай сындардан сүрінбей келе жатқан жас спортшы -Мағжан Аманкелдіұлы. Мағжан жас болса да бас бола білетінін көптеген жарыстарда көрсетіп, дәлелдеп келеді. Ол биылға дейін елішілік турнирлер мен халықаралық дүрмекті додаларға қатысып, құрмет тұғырының ең биік сатысына шығып отыр. Спортшы қалалық кубок үшін жарыстан ...

    Read More »

    Айбар Қайым семсерлесуден Әлем кубогы кезеңін жеңіп алды

    Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Айбар Қайым Германияда кадеттер арасында өткен Әлем кубогының кезеңін жеңіп алды. Ол семсерлесудің қылыш түрі бойынша сайыста топ жарды. Финалда Айбар Қайым Германия өкілі Джастин Льюді 15:13 есебімен жеңді. Бұған дейін де спортшы Әлем кубогының кезеңдерінде екі мәрте жеңіске жеткен болатын.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Әлем кубогы: Кристина Шумекова тағы да алтын жүлдені жеңіп алды

    Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Италияның Милан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде үш дүркін алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Ол 30 қарашада 1500 метрлік қашықтықта мәреге бірінші болып жетті. Екінші болып жапониялық Аяно Секигучи келсе, үздік үштікті қытайлық Цзяминь Цзян түйіндеді. Бір күн бұрын Шумекова 1000 және 3000 метр қашықтықтарда да бірінші орын алған еді. ...

    Read More »

    Кикбоксингтен ӘЧ: Қазақстан құрамасында 3 алтын, 10 күміс және 7 қола медаль

    Бүгін БАӘ-нің Әбу-Даби қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Биылғы бәсекеге ұлттық құрама сапында 49 спортшы қатысып, команда 3 алтын, 10 күміс және 7 қола медаль иеленді. Осылайша Қазақстан жалпыкомандалық есепте 12-орын алды. Барлығы жүлде алған мемлекеттер саны 49. Назарыңызға әлем чемпионатында жүлде алған спортшылар тізімін ұсынамыз: Фулл-контакт ...

    Read More »

    Әлем кубогы: Кристина Шумекова екі алтын медаль жеңіп алды

    Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Милан (Италия) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екі мәрте топ жарды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Спортшы 1000 және 3000 метр қашықтықтарында алтын медаль жеңіп алды. 1000 метр Кристина Шумекова Аяно Секигучи (Жапония) Ханна Мазур (Польша) 3000 метр Кристина Шумекова Лике Хейзинк (Нидерланд) Цзяминь Цзян (Қытай) Нео-сеньорлар арасында өткен 1000 метрлік қашықтықтағы жарыста ...

    Read More »