• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Көзқарас

    «Мен — чемпионмын» дегеннің бәрін нокаутқа жіберемін — Жәнібек Әлімханұлы

    Жақында АҚШ-тың Розенберг қаласында германиялық Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жекте IBF чемпионы атағын жеңіп алған боксшы Жәнібек Әлімханұлы енді WBC пен WBA белбеулері үшін шаршы алаңға шығатынын мәлімдеді. Қазір қазақ боксшысында осы жеңістен кейін Бүкіләлемдік бокс ұймының (WBO) пен Халықаралық бокс федерациясының (IBF) чемпионы деген атақ бар. Енді ол Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) мен Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) үздік боксшысы атанғысы келетінін ...

    Read More »

    Таңдай білу де өнер!

    Қытайдың Ханчжоуындағы XIX Азия ойындары аяқталуға таяған сайын басшы да, қосшы да бары мен жоғын түгендеп, табысы мен кемшілігін сараптап жатуы заңды. Әуелде Ойындарға аттанғанда осымыз дұрыс деп қабылдаған шешімдерінің Ойындар барысында қабырғасы сөгіліп, тұмсығымен жер сүзген шешімдеріне кінәлі іздеп,жер тепкілеп жатқандары да жоқ емес.   Бұл — үлкен шаруаның бәріне тән қорытынды. Біз де Ойындар толық аяқталмаса да болған оқиғалардан сүзіп ...

    Read More »

    Бұл қазақ жүгірмейтін болған ба?!

    Қандай ірі жарысқа барсам да оның 100 метрлік бәсекесіне бас сұқпай кеткен емеспін.  Өзім көрген Олимпиадаларымда тап солай.  Азия ойындарында тап солай.  Бірақ, …нәтиже де тап солай.  Ханчжоудағы 100 метрлік жарыстың финалында кім жүгірмеді…  Вьетнам қызы да, Таиланд қызы да, Индонезия қызы да, Бахрейн қызы да, Иран қызы да жүгірді  Тек қазақ қызы ғана жүгірген жоқ.  Тіпті, қазақстандық жеңіл атлет ...

    Read More »

    Дені саудың … медалі көп!!!

    Бұл төмендегі әңгімеге ұйып отырып, өзім шығарған мәтел ғана …Қытайдың Ханжоу қаласында өтетін XIX Азия ойындарына қос ат жегіп, яғни, қос самолет тізгіндеп аттанған Қазақстан ұлттық құрама командасының екінші ұшағына аяқ артқан кезде бір қатар алдымда отырған жүзі жылы жігіт: «Аға, менің орныма отырыңыз, Сізге ыңғайлы болады. Мында аяқ созып отыруға болады екен…» дегені. Өзім де ол қатардың алдында қатар ...

    Read More »

    «Өзен жағалағанның…» …жеңісі қалтасында!

    Қытайдың Ханчжоу қаласында басталған XIX жазғы Азия ойындары ауыздығын сүзе тартқан сәйгүліктей заулап бір берді дейсің! Көзді ашып-жұмғанша көптеген жарыс мәреге жетіп,жеңімпаздар мен жүлдегерлер мәз-мәйрам болып,аспанға секіріп жатыр. Ойындардың командалық есептегі жеңімпазын ойлап бас қатырып керегі жоқ: ол — Қытай ұлттық құрама командасы!!! Алғашқы күнгі жарыстан соң-ақ 20-дан аса алтын жүлде алып қойған қытайлықтар,бүгін,дүйсенбінің күні жартыламай-ақ ол алтындарын отыздан асырды! ...

    Read More »

    Азиадада споршыларды арқадан демеп жүрейік

    Қытайдың Ханчжоуында басталған XIX Aзия ойындары ғажап көріністермен көз алдымызда қалды. Тіпті сәтінде бұл салтанатты ашылуды сонау 2008 жылы осы елдің астанасы Бейжінде болған Олимпиадалық ойындардың ашылу салтанатымен салыстырсақ та болады. Дәлірек айтсақ, соның жалғасы деуге тұратындай. Бүгінде ілгері кеткен дүниедегі жарықты пайдалану әдістерінің шыңына жеткен қытайлықтар стадион-сахнада екі сағаттан асатын теңдессіз спектакль жасады. Мұндай кешенді жарыс шартына сай шеруге ...

    Read More »

    «Өсер елдің баласы арманшыл келеді…»: ҚФФ президенті әлем чемпионаты туралы айтты

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов футболдан әлем чемпионатын өткізу идеясы туралы  айтты. Бұл ұсынысты ол жақында Ыстықкөлде Орталық Азиядағы түркітілдес елдердің футбол қауымдастықтарының басшылары қатысқан жиында айтқан болатын. Содан кейін осы әңгіме соңғы күндері ел ішінде қызу талқыланып, оған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов та пікір білдірді. Қысқасы, оның пікірінше қазір де алдағы уақытта да Орталық Азия мемлекеттері әлем ...

    Read More »

    Қайрағы мықты қайратты жастар

    Ел спортының ертеңі жалынды жастарымызға тікелей байланысты. Спорт мектептерінде шыныққан жас буынды қазақ елінің әлемдік жарыстарында туын жықпай тұғырдан көрсететін жарық жұлдыздары деп сеніммен айта аламыз. Бүгінгі таңда Қазақстанның әр аймағында Балалар мен жасөспірімдердің, Олимпиадалық орталықтардың қатары көбейе түскеніне қуануымыз керек. Өйткені, ауыл спортынан қанаттары қатайған таланттар кәсіби жолдағы жеңісті жолдарын жалғастыру үшін арнайы мектеп-интернаттарға келіп түсіп жаттығуының орны бөлек. ...

    Read More »

    Алдағы 6 жылға жоспарланған спорт тұжырымдамасы бекітілді – Асхат Оралов

    Қазақстанда алдағы 6 жылға жоспарланған спорт тұжырымдамасы бекітілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Ол 2023-2029 жылдарға арналған Дене шынықтыру мен спортты дамытудың тұжырымдамасы бекітілгенін атап өтті. Онда елімізде осы салаларды дамытудың жаңа бағытын айқындадық, бұқаралық спортқа, оның ішінде балалар мен жастар арасында, азаматтардың барлық санаты үшін дене шынықтыру және спортпен шұғылданудың жалпыға қолжетімділігіне, ...

    Read More »

    Ресейдің экс-футболисі Орталық Азия құрамаларын «шпана» деп кекетті

    Мәскеудің «Димнамо» клубының экс-шабуылшысы Игорь Колыванов Ресей ұлттық құрамасының Орталық Азия футбол қауымдастығының чемпионатына қатысудан бас тартқанына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Ресей құрамасы «бұзақылар жиналған командалармен» ойнаудан шаршаған. Бұл елдердің коимандаларымен ойнағанша Ресейге мүлдем ойнамау керек. Шынын айтқанда, Ресей Футбол одағының Орталық Азия қауымдастығы чемпионатына қатысты шешімі дұрыс па, бұрыс па, маған бәрі бір. Егер қатысудан бас тартса ондай ...

    Read More »