Қазақстан спортшыларын жасөспірімдер Олимпиадасына бастап барған делегация мүшелерінен жасақталған Олимпиадаға дайындық жұмыстарына арналған штаб өз жұмысын одан әрі жалғастырып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Бүгін штаб жазғы Олимпиада мен Паралимпиадаға дайындықты бастады. XXXIII жазғы Олимпия ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Төртжылдықтың басты додасына әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Париждегі додада ...
Read More »Олимпиада
Канвон-2024: Қазақстан қысқы Олимпиадада 20-орын алды
Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында Азия құрлығында алғаш рет өткен қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасы аяқталды. Каннын қаласындағы Youth Olympic Park кешеніндегі жабылу салтанатында еліміздің көк байрағын Берік Боранбаев пен Мерей Тастемір ұстап шықты. Ашық аспан астында өткен кеш кезінде семсерлесуден Олимпиада чемпионы, Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах Оңтүстік Корея мемлекетіне жарысты ұйымдастырып, лайықты деңгейде өткізгені ...
Read More »Канвон-2024: Қазақстан қысқы Олимпиадада алғаш рет алтын жүлде алды (ФОТО)
Оңтүстік Кореяда қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасы мәресіне жетті. 19-қаңтарда басталған Олимпиадаға 78 елден 1803 спортшы келді. Тунис пен БАӘ елінің спортшылары алғаш рет қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында бақ сынады. Олар 7 спорт түрінен (15 бағдарламада) 81 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Ал Қазақстан намысын спорттың 5 түрінде (9 бағдарлама) 41 жасөспірім қорғады. Нәтижесінде ел спортшылары 1 алтын, 2 қола медальмен ...
Read More »Канвон-2024: Олимпиаданың соңғы күні жарысқа шаңғышылар шықты
Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясында қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасының соңғы жарыс күні болып жатыр. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, ұлттық құрама спортшылары тек шаңғымен жарыста жүлдеге таласты. Командалық эстафетада (4×5 км) Берік Боранбаев, Әубәкір Тотанов, Милана Мамедова, Виолетта Митропольская квартеті 16-орыннан көрінді. Олар мәреге 58:57.4 секунд өткеннен кейін жетті. Мұнда Германия спортшылары үздік нәтиже көрсетіп ...
Read More »Канвон-2024: керлингтен ұлттық құрама алғашқы жеңісіне жетті
Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында керлингтен ұлттық құрама алғашқы жеңісіне жетті. Ибрагим мен Мерей Тастеміровтер Италияның өкілдері Виттория Майори мен Эллиа Энчелаттиден 10:2 есебімен басым түсті. Бүгін Қазақстан құрамасы Дания командасынан 3:15 есебімен жеңіліп қалды. Қазір Қазақстан делегациясы 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы есепте 18-сатыда тұр. Елімізге алғашқы алтын жүлдені Илья Мизерных сыйласа, шорт-трекші Полина ...
Read More »Канвон-2024: шаңғымен классикалық әдіспен жеке жарыс аяқталды
Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қыздар мен ұлдардан құралған командасы 7,5 шақырымға классикалық әдіспен жарысты. Ұлдар арасындағы бәсекеде Берік Боранбаев 35, Әубәкір Тотанов 40-орыннан көрінді. Жарысқа жалпы есебі 79 спортшы қатысты. Ал қыздар арасындағы сында Виолетта Митропольская 25, Милана Мамедова мәреге 52-ші болып жетті. Жарыс жолына 78 шаңғышы шықты. Бүгін Қазақстан спортшылары керлингтен сынға ...
Read More »Канвон-2024: Қазақстан жалпыкомандалық есепте 17-орында тұр
Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасының басталғанына 10 күн өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Қазір Қазақстан спортшылары 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы есепте 17-сатыда тұр. Елімізге алғашқы алтын жүлдені Илья Мизерных сыйласа, Полина Омельчук (шорт-трек) пен хоккейден ұлттық құрама командаларымыз қола медальді жеңіп алған. Бүгін Ұлттық құрама спортшылары ...
Read More »Канвон-2024: Қазақстан хоккейшілері қола жүлдені жеңіп алды (ФОТО)
Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан спортшылары тағы бір жүлдені жеңіп алды. Бұл жолы хоккейден құрама команда қола медаль үшін ойында Аустрия құрамасын 6:5 есебімен жеңіп, үшінші орынды иеленді. Бұл матч қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет 3×3 пішінінде болды. Онда команда құрамында Темірлан Айболұлы, Бексұлтан Мақыш, Арсений Кучковский, Әділхан Саттар, Никита Кулаков, Матвей Решетько, Расул ...
Read More »Триатлоншылар он жылдан бері Олимпиадаға жолдама алған жоқ — министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев триатлон федерациясының басшылары және жаттықтырушылар штабымен кездесті, деп хабарлады ведомство. Жиында федерация өкілдері триатлоннан ұлттық құраманың 2023 жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы бәсекелерге дайындық жоспарын таныстырды. Триатлоннан Қазақстан құрамасы былтыр халықаралық жарыстарда тәуір нәтиже көрсеткенімен, Қытайдағы Азия ойындарында бәсеке алдындағы өз міндеттемелерін орындай алмады. Яғни, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Азиаданың алдында 1 күміс медаль жеңіп ...
Read More »Канвон-2024:Қазақстан хоккейшілері жартылай финалға шықты
Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында қысқы спорт түрлерінен өтіп жатқан IV жасөспірімдер Олимпиадасының төртінші жарыс күні хоккейден Қазақстан құрама командасы Испания мен Ұлыбритания құрамасын жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Хоккейшілер Испания командасын 14:4, Ұлыбритания жасағын 22:13 есебімен жеңді. Енді 24 қаңтарда Қазақстан мен Латвия жартылай финалда күш сынасады. Олимпиадада спорттың басқа түрлерінен де ...
Read More »