• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Ұлттық Олимпиадалық комитетінің құрамы анықталды

    Бүгін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті қызметіне Геннадий Головкин кірісіп, Атқарушы комитет пен Тексеру комиссиясысының құрамында өзгерістер болды, деп хабарлады Olympic.kz. 

    ҰОК Атқарушы комитеті мен Тексеру комиссясының құрамы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты жұмысын аяқтады. ҰОК Бас Ассамблеясы мүшелерінің дауыс беру қорытындысына сәйкес, Атқарушы комитет пен Тексеру комиссиясына төмендегі құрам сайланды:

    Бас хатшы: Жанар Өтешева

    Жазғы спорт түрлері бойынша вице-президент: Данияр Абулғазин, «Қазақстан Республикасы үстел теннисі» ҚҰ президенті

    Қысқы спорт түрлері бойынша вице-президент: Асқар Мамин, «Шайбалы хоккей федерациясы» РҚҰ президенті

    Жалпы сұрақтар бойынша вице-президент: Ербол Мырзабосынов, спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитет басшысы

    Паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту жөніндегі вице-президент: Серік Сәпиев, Олимпиялық ойындардың чемпионы (2012)

    Спортшылар комиссиясының өкілі:

    ҰОК спортшылар комиссиясының өкілі Ольга Рыпакова, Лондон Олимпиадасының чемпионы (2012), Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері (2008) және Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері (2016)

    Ұлттық спорттық федерациялардың өкілдері: 

    Даниал Ахметов, «Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясы» РҚҰ президенті

    Дмитрий Баландин, Олимпиялық ойындардың чемпионы Рио-де-Жанейро (2016)

    Гаджи Гаджиев, «Ауыр атлетика федерациясы» ҚҰ бірінші вице-президенті

    Қуанышбек Есекеев, «Дзюдо федерациясы» РҚҰ президенті

    Диас Сүлейменов, «Қазақстан Республикасы Ұлттық шаңғы қауымдастығы» президенті

    Болат Өтемұратов, «Теннис федерациясы» РҚҰ президенті

    Әлия Юсупова, «Қазақстан гимнастика федерациясы» ҚҰ президенті

    Тексеру комиссиясының мүшелері:

    Төраға: Абай, Алпамысов «Ұлттық Баскетбол федерациясы» РҚҰ президенті

    Комиссия мүшелері: Роллан Серіков, Qazaq kuresi федерациясының президенті

    Раббани Әшімбеков, «Қазақстан гимнастика федерациясы» ҚҰ бас хатшысы.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *