Таэквондошы Батырхан Төлеуғали (87 кг) Кенияның Найроби қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол финалда Иран елінің өкілі Мохаммед Ализадені жеңді. Оған дейін отандасымыз австралиялық Стюарт Джоубты, бейтарап елдің өкілі Владислав Будинді жеңген еді. Чемпионатта таэквондодан Қазақстан құрамасы екі алтын, бір қола жүлдені жеңіп алды. Осыған дейін Бейбарыс Қаблан (87 ...
Read More »Таеквондо
Таэквондодан U21 ӘЧ: Темірлан Тілеулес — қола жүлдегер!
Таэквондодан Кенияның астанасы Найробиде өтіп жатқан U21 санатындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жарыстың екінші күнінде 63 келідегі Темірлан Тілеулес жартылай финалға дейін жетіп, драмаға толы жекпе-жекте Түркия спортшысына соңғы секундта есе жіберді. Кеше Бейбарыс Қаблан U21 санатындағы әлем чемпионатының тұңғыш алтын жүлдесін иемденген еді. 3-6 желтоқсан ...
Read More »Таэквондошы Бейбарыс Қаблан жастар арасында әлем чемпионы атанды
Бейбарыс Қаблан таэквондодан Кенияның астанасы Найроби қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол 87 келіден аса салмақта ел намысын қорғап, әлем чемпионы атанды. Бейбарыс Қаблан финалда Оңтүстік Кореяның өкілі Ян Чжунёнды жеңді. Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды. Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА
Read More »Таеквондошылар Черногорияда екі медаль жеңіп алды
Таеквондодан Черногорияның Подгорица қаласында өткен G-1 санатындағы турнирде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Мақсат Орынбасар жарыстың жеңімпазы атанды. Ол 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Әзірет Дүйсенбек 58 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Бұл турнирге 24 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА
Read More »Нодира Ахмедова таэквондодан күміс жүлдегер атанды
Таэквондошы Нодира Ахмедова Польшада өтіп жатқан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды. Ол 49 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Болгарияның өкілі Александра Георгиеваны 2:1 есебімен жеңді. Финалда Испанияның спортшысы Виолетта Аррибастан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Ахмедова күміс медаль иеленді. Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА
Read More »Сайыпқыран: Қазақстан туы құрмет тұғырына көтерілді
Бокстан халықаралық турнир: Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын алды. ҚХР-дың Үрімші қаласында жасөспірімдер арасындағы Belt and Road ІІІ халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бокс федерациясының мәліметіне қарағанда, 20 елдің боксшылары қатысқан жарыста Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын иеленді. Алтын медель иегерлері: 46 кг. Арман Мырсабит 50 кг. Жұмағали Нұрмахан ...
Read More »Kazakhstan Open 2025: Қаазақстан қоржыны 107 медальмен толықты
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында таеквондодан Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтингілік турнирі мәресене жетті. Бұл туралы Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы хабарлады. Бүгін даянгқа 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер шығып, 20 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 68 медаль алып, көш бастады. Екінші орынға Жеке бейтарап спортшылар (AIN), үшінші орынға Палестина спортшылары тұрақтады. Жүлделі орындар төмендегідей: Ұлдар 33 ...
Read More »Kazakhstan Open: Таеквондошылар 19 алтын жүлдені жеңіп алды
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында таеквондодан халықаралық рейтингтік Kazakhstan Open 2025 турнирінің екінші жарыс күні болды. Бүгін жарыс жолына жастар шықты, Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту диеркциясы. Жас таеквондошылар жоғары дайындық деңгейін, тартысты белдесулер мен жеңіске деген жігерін көрсете отырып, 20 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтады. Жарыстың екінші күні жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Қазақстан командасы иеленсе, екінші орын АҚШ ...
Read More »Kazakhstan Open: Таеквондошылар он алтын медаль жеңіп алды
Астанада таеквондодан Kazakhstan Open-1025 G1 халықаралық турнирінің бірінші күні болды. Рейтингтік жарыста Қазақстан құрамасы жалпы 38 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 10 алтын медаль бар. Алтын медальді Еркебұлан Енсегенов (54 кг), Жавохирхан Исламов (58 кг), Нұрбек Ғазез (68 кг), Бекасыл Ергеш (74 кг), Батырхан Төлеуғали (80 кг), Бейбарыс Қаблан (87 келіден аса салмақ), Айдана Құмартаева (46 кг, Нодира Ахмедова (53 ...
Read More »Министр таеквондодан жазғы Универсиада мен Азия чемпиондарын марапаттады
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов таеквондодан XXXII жазғы Универсиада мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпиондары мен осы жарыстардың жүлдегерлерімен кездесті. Оған Халықаралық таеквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоу, Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Құдірет Шамиев, жаттықтырушылар мен жас спортшылар қатысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жиында министр доктор Чоуға таеквондоны әлемдік деңгейде дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Ербол Мырзабосынов ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары