Португалияның Вила Реал қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде 16 жастағы спортшы Алан Құрманғалиев екінші рет алтын медальді жеңіп алды. Ол өткен аптада 17 жастағы спортшылар арасында жеңімпаз атанған еді. Енді міне, Алан Құрманғалиев 19 жастағы жастар арасындағы жарыста екінші рет алтын жүлдені алды. Осылайша ол турнирді екі алтын жүлдемен аяқтады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Үстел теннисі
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Португалияның Вила-Реал қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен WTT Youth Contender турнирдің жеңімпазы атанды. Ол жарыста қарсыластарының бәрін ұтты. Атап айтқанда, испан Франческа Каррераны, колумбиялық Хуан Рамиресті, франциялық Ной Вительді, Пуэрто-Риконың өкілі Энрике Риос пен чехиялық Мартин Сипті жеңді. Сонымен бірге теннисші тағы бір испаниялық Даниэль Берзоса мен румын Драгош Бужорадан айласын асырды. Дастан ...
Read More »Тұңғыш әлем чемпионы елге қола жүлде де әкеле жатыр
Тунисте үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев алтын жүлдемен қоса қола медаль жеңіп алды. Қазақстан үстел теннисі федерациясының хабарлауынша, Эльмира Әлиева жаттықтыратын 15 жасар спортшы мысырлық Хана Годамен аралас жұпта әлем чемпионы атанса, жекелей сында үздік үштікке ілікті. Жекелей сында 15 жастағы жасөспірімдер арасында франциялық Флавиен Котон топ жарса, жапониялық Ёшияма Казуки екінші орынға ие болды. Алан ...
Read More »Қазақстан әлем чемпионатында алғаш рет финалға шықты
Тунисте үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев финалға шықты. Жартылай финалда Алан Құрманғалиев египеттік Хана Годамен бірге аралас жұпта жапониялық Такуми Танимото – Рин Менде тандемімен кездесіп, қарсыластарын 3:2 есебімен ұтты. Қазақстан үстел теннисі федерациясының хабарлауынша, отандасымыз жартылай финалда өзін жақсы қырынан көрсете білді. Шабуылдап, қатты соққылар жасап, жұптасын да қолдап отырды. Матчтан кейін Хана Годаның ...
Read More »