• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Қазақстан спортшысы үстел теннисі турнирінде топ жарды

    АҚШ-тың Корпус Кристиде қаласында үстел теннисінен WTT Feeder Corpus Christi 2024 халықаралық турнирі аяқталды. Осы жарысқа қатысқан Қазақстан құрамасының спортшысы Кирилл Герасименко жеңімпаз атанды.

    Турнирде Кирилл Герасименко Кай Чжанды (АҚШ) 3:1, Сянцзин Чжанды (АҚШ) 3:0, Хармит Десайды (Үндістан) 3:1, Штеффен Менгелді (Германия) 3:1, Жоао Монтейрды (Португалия) 3:2 жеңді.

    Кирилл Герасименконың айтуынша, турнирде ол мықты қарсыластармен ойнаған. Дегенмен жарысқа бәрінен бұрын ерте келіп, жақсы дайындалғанның арқасында ол бәрін оңай жеңген. Жоспар орындалды. Жеңімпаз атандым. Енді WTT Champions турниріне қатысып, рейтингтік ұпай жинаймыз, — деді теннисші.

    Спортшы жақын арада Оңтүстік Кореяда болатын командалық әлем чемпионатына дайындықты бастайды. Одан кейін Париж Олимпиадасына барады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *