• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Нұрғали Жұмағазы

    IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты басталды (ВИДЕО)

    Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты басталды. 

    Оның ашылу рәсімі Каннын қаласындағы Gangneuung Oval спорт кешенінде болып жатыр. Бұл жерде конькимен жүгіру спортынан жарыстар ұйымдастырылады.

    Қазір спорт кешенінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген елдердің спортшылары өз мемлекеттерінің туын көтеріп, құрамаларын таныстыруға дайындалып отыр.

    Трансляция Olimpics.com веб-сайтынан беріліп жатыр.

    Корея Республикасында ұйымдастырылатын IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвон провинциясының Каннын қаласында болады.

    Олимпиаданың жабылу салтанаты 1 ақпанда Каннындағы Gangneung Olympic Park спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.

    Канвон-2024 Ойындарына 14 пен 17 жас аралығындағы әлемнің 70 елінен 1800 спортшы қатысады. Мұнда 7 спорт түрінің 15 бағдарламасы  бойынша 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *